beautypg.com

Қазақ – MAXWELL MW-1201 W User Manual

Page 18

background image

18

ҚАЗАҚ

тостағанының үстінде ұстап тұрыңыз.
• Егер сіз өнімдердің дайын болуын тексермек болсаңыз, онда
ұзын тұтқасы бар ас үйлік бұйымды пайдалыныңыз.
• Резервуардың ішіндегі су бумен бұқтырғыштың қалған
құрамдас бөліктері суыған кездің өзінде ыстық болуы мүмкін
екенін естен шығармаңыз.
• Бумен бұқтырғыштың төсемі, бу тостағандары жəне қақпағы
орнатылмаған болса, онда оны пайдаланбааңыз.

КЕҢЕСТЕР
• Етті, балықты жəне теңіз өнімдерін толық əзірленгенше
дайындаңыз.
• Үнемі тек мұзы ерітілген өнімдерді пайдаланыңыз, тек көк-
өністер, балық жəне теңіз өнімдерінен басқасы.
• Егер сіз бір мезгілде екі тостағанды да пайдалансаңыз,
онда етті, құсты немесе балықты одан бөлінетін сұйықтық
басқа булау тостағанында тұрған өнімдерге түсіп кетпес үшін
астыңғы тостағанға салыңыз.
• Балғын немесе құрғақ шөптерді өнімдерге қосымша дəм беру
үшін конденсатты жинайтын төсемге (6) қосыңыз. Шөптерді
өздеріңіздің талғамыңызға қарай таңдаңыз: тасшөп, кинза,
базилик, укроп, карри и эстрагон, сарымсақ, зире, желкек – бұл
бар болғаны белгілі шөптердің тізімі. Сіз шөптерді өнімдерге
жаңа дəмдер беру үшін құрамдастырып қоса аласыз.ып қоса
аласыз. Балғын шөптерді пайдаланған кезде оларды турап,
жалпы санын екі-үш есеге дейін (құрғақ шөптерге қарағанда)
арттыра аласыз.

Жұмыртқаны əзірлеу
Бумен бұқтырғышты жұмысқа дайындаңыз.
• Жұмыртқаны астыңғы булау тостағанының (4) түбіндегі
шұңқырға салыңыз да оны қақпақпен (1) жауып қойыңыз.
• Таймердің тұтқасын (11) қажетті жұмыс істеу уақытына орната
отырып бумен бұқтырғышты қосыңыз.

КҮРІШТІ ƏЗІРЛЕУ
Бумен бұқтырғышты жұмысқа дайындаңыз.
• Булау тостағанына күрішті бұқтыруға арналған ыдысты (2)
орнатыңыз.
• 1 тостаған күрішті ыдысқа (2) салыңыз да, үстінен 1 Ѕ
тостаған су құйыңыз. Күріштің ең көп мөлшері 250 граммнан
аспауы керек.
• Үстіңгі бу тостағанын қақпақпен (1) жауып қойыңыз.
• Таймердің тұтқасын (11) қажетті жұмыс істеу уақытына орната
отырып бумен бұқтырғышты қосыңыз.

АС ƏЗІРЛЕУ КЕЗІНДЕ СУ ҚОСУ
Ұзақ уақыт əзірленетін тағамдар үшін:
- Өнімдерді əзірлеу кезінде су деңгейін бақылап отырыңыз.
- Қажет болған жағдайда суды су құюға арналған саңылау (5)
арқылы, қақпақты шешпей-ақ қосып құйыңыз.

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
• Кестелерде көрсетілген тағамды əзірлеу уақытын тек ұсыныс
ретінде ғана қараған жөн, оның өнімдердің тіліміне, өлшеміне
жəне жеке дəмге қарай айырмашылығы болуы мүмкін. Бумен
бұқтырғышты меңгеру шамасына қарай өнімдерді əзірлеу
уақытын сіз өзіңіз таңдай аласыз.
• Өнімдердің бір қабаты бірнеше қабатқа қарағанда тезірек
əзірленеді, сондықтан əзірлеу уақытын өнімдердің көлеміне
тиісінше ұлғайту керек.
• Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, өнімдердің тілімдердің
көлемі бірдей болуы үшін, аса қалыңырақ тілімдерді бу
тостағандарының шеттеріне жақын орнатастырыңыз.
• Булау тостағанын лық толтырмаңыз – бу өтетін кеңістік
қалдырыңыз.
• Көп мөлшердегі өнімдерді əзірлеу кезінде оларды
араластырып отыру қажет. Бұл кезде аса абай болыңыз,
қолдарыңызды ыстық будан қорғау үшін ас үйлік бұйымдарды
немесе қолғаптарды жəне ұзын сабы бар бұйымдарды
қолданыңыз.
• Тағамдарды əзірлеу кезінде тұзды немесе дəмдеуіштерді
тікелей олардың үстіне салмаңыз.
• Төсем (6) ішіне жиналатын сұйықтықты көжені əзірлеу үшін
пайдалануға өте қолайлы немесе сорпа ретінде пайдалануға
болады. Төсем (5) ішіне жиналатын сұйықтықты көжені
əзірлеу үшін пайдалануға өте қолайлы немесе сорпа ретінде
пайдалануға болады. ол өте ыстық.
• Тек толығымен ерітілген өнімдерді пайдаланыңыз.

Екі булау тостағандарын бір уақытта пайдаланған кезде:
- Өнімдердің ең ірі тілімдерін үнемі астыңғы тостағанға
салыңыз.
- Үстіңгі булау тостағанында пайда болатын конденсат төменгі
тостағанға ағатын болады, сондықтан əзірленіп жатқан
өнімдердің дəмдерінің үйлесімдігін тексеріңіз.
- Етті, тауықты жəне көк-өністерді əзірлеген кезде етті шикі
еттің сөлі көк-өністерге тимеуі үшін астыңғы тостағанға
салыңыз.
- Өнімдерді үстіңгі тостағанда əзірлеу уақыты 5 минутқа
ұзағырақ.
- Өнімдерді əртүрлі əзірлеу уақытымен дайындаған кезде,
ұзақ дайындалатын өнімді төменгі тостағанға салыңыз.
Үстіңгі тостағандағы өнімдер дайын болған кезде, оны алып
қоя аласыз, ал астыңғы тостағанды қақпақпен жауып қойып,
өнімдерді əзірлеуді жалғасытыра беріңіз.

БУМЕН БҰҚТЫРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
• Тазалар алдында бумен бұқтырғышты сөндіріңіз де, оны
желіден ажыратыңыз жəне оны толығымен суытыңыз.
• Суға желілік шнурды, желілік ашаны жəне бумен
бұқтырғыштың корпусын батырмаңыз.
• Булау себеттерін, төсемді, үстіңгі қақпақты жəне бумен
бұқтырғыштың корпусын тазалау кезінде еріткіштерді немесе
қажайтын тазлағыш құралдарды пайдаланбаңыз.
• Булау тостағандарын күрішті əзірлеуге арналған ыдысты,
төсемді жəне қақпақты ыдыс жууға арналған құралы қосылған
жылы суды пайдаланыңыз. Алынбалы бөлшектерін жуу үшін
ыдыс жуғыш машинаны пайдаланбаңыз.
• Бумен бұқтырғыштың корпусын ылғал матамен сүртіңіз.
• Бу тостағандарын үнемі жуып отырыңыз.

ҚАҚТЫ АЛУ
Бумен бұқтырғышты пайдалану барысында қыздырғыш
элементте қақ пайда болуы мүмкін. Бұл табиғи құбылыс, ол
пайдаланылатын судың ащылығына байланысты. Бумен
бұқтырғыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін қыздырғыш
элементтен қақты кетіріп отыру қажет.
• Суға арналған резервуарға ас сірке суының ерітіндісін сірке
суының 1 бөлігін судың 3 бөлігінің арақатынасына, MAX
белгісіне дейін толытырыңыз.
МАҢЫЗДЫ: қақты кетіруге арналған химиялық дəрмектерді
қолданбаңыз.
• Төсемді (6), бір булау тостағанын (3 немесе 4) орнатыңыз да,
оны қақпақпен (1) жауып қойыңыз да бумен бұқтырғышты 5-10
минутқа қосыңыз.
• Таймердің жұмысы аяқталған кезде бумен бұқтырғышты
желіден ажыратып қойыңыз да, сірке суының ерітіндісін төкпес
бұрын, толығымен суытып алыңыз.
• Резервуарды суық сумен жуып жіберіңіз де, тағы бір рет
су құйып, төсемді (6) орнатыңыз, бір булау тостағанын (3
немесе 4) орнатыңыз, оны қақпақпен (1) жабыңыз да, бумен
бұқтырғышты қосыңыз жəне таймерді 5 минутқа орнатыңыз.
• Бумен бұқтырғышты ажыратыңыз, оны толық суытыңыз,
суды төгіп тастаңыз, төсемді, булау тостағанын жəне қақпағын
кептіріңіз, жəне приборды келесі пайдаланғанға дейін алып
қойыңыз.

САҚТАУ
Бумен бұқтырғышты құрғақ, салқын, балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.

ӨНІМДЕРДІ ƏЗІРЛЕУ УАҚЫТЫ МЕН РЕЦЕПТТЕР
• Əзірлеу уақыты өнімдердің көлеміне, тостағандағы бос
орынға, олардың балғындығына жəне сіздің талғамыңызға
байланысты болады.
• Əзірлеу уақыты төменгі тостағанның есебімен көрсетілген,
жоғарғы тостағандағы өнімдер шамамен 5-10 минутқа
ұзағырақ дайындалады.
• Өнімдердің көлемі көп немесе аз болған кезде тиісінше
өнімдерді əзірлеу уақытын арттырыңыз немесе азайтыңыз.

КӨК-ӨНІСТЕР
• Брокколи қырыққабатындағы қалың сабақтарды немесе түсті
қырыққабаттың қалың түсті аяқтарын кесіп тастаңыз.
• Жасыл жапырақты көк-өністерді барынша аз уақытта
əзірлеңіз – олар өзінің түстерін тез жоғалтады.
• Тұзды жəне дəмдеуіштерді əзірлегеннен кейін қосыңыз.
• Мұздатылған көк-өністерді бумен бұқтырғышта əзірлеген
кезде мұзын еріту міндетті емес.

MW-1201.indd 18

MW-1201.indd 18

03.08.2010 11:17:16

03.08.2010 11:17:16