beautypg.com

Philips HD9225 User Manual

Page 64

background image

Ыстық ауамен қуырғаннан кейін, таба және азық-түліктер ыстық болады. Аэрогрильдегі

азық-түліктердің түріне қарай табадан бу шығуы мүмкін.

12

Себеттің ішіндегісін тостағанға немесе табаққа салыңыз. (Cурет 15)

Кеңес. Үлкен немесе тез езілетін азық-түліктерді шығару үшін, қысқашты

пайдаланыңыз (Cурет 16).

13

Азық-түліктердің бір бөлігі дайын болғанда, бірден екінші бөлігін пісіре беруге болады.

Параметрлер

Осы кесте дайындалатын азық-түліктердің негізгі параметрлерін таңдауға көмектеседі.
Ескертпе. Бұл параметрлердің көрсеткіш ретінде берілгенін есте сақтаңыз. Азық-түліктердің

табиғаты, өлшемі, пішіні және маркасы әртүрлі болатындықтан, оларды пісірудің ең дұрыс

параметрін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Rapid Air технологиясы құрал ішіндегі ауаны лезде қайта ысытатындықтан, ыстық ауамен қуыру

кезінде табаны құралдан аз уақытқа шығарғаннан ешқандай кедергі келтірілмейді.

Кеңестер

- Ұсақ азық-түлік түрлерінің дайындалуына әдетте ірілерге қарағанда азырақ уақыт кетеді.

- Көп тамақ дайындауға сәл ғана артық уақыт кетсе, аз тамақ дайындауға сәл ғана кем уақыт

кетеді.

- Дайындау уақытының жартысы өткенде ұсақ азық-түліктерді сілкілесе, олар жақсырақ піседі

және біркелкі қуырылады.

- Қытырлақ болуы үшін, жас картопқа біраз май қосыңыз. Майды қосқаннан кейін бірнеше

минут ішінде, азық-түліктерді аэрогрильде қуыра бастаңыз.

- Сосиска сияқты өте майлы азық-түлік түрлерін аэрогрильде қуырмаңыз.

- Пеште дайындауға болатын жеңіл тамақтарды аэрогрильде де дайындауға болады.

- Қытырлақ картоп тілімдерін дайындаудың ең жақсы мөлшері — 500 грамм.

- Салындысы бар жеңіл тамақтарды тез әрі оңай дайындау үшін, алдын ала иленген қамырды

пайдаланыңыз. Алдын ала иленген қамырды пісіруге үйде иленген қамырға қарағанда аз

уақыт кетеді.

- Кекс немесе киш пісіру, езілетін немесе салындысы бар тағам түрлерін қуыру керек болса,

аэрогриль себетіне пісіру науасын (тек HD9225 үлгісінде) немесе пеш ыдысын

салыңыз (Cурет 17).

- Аэрогрильде азық-түліктерді қайта қыздыруға да болады. Ол үшін 150°C температурасын

таңдап, құралды 10 минутқа қосыңыз.

Ең аз - ең

көп

мөлшер

(г)

Уақыт

(мин.)

Температура

(°C)

Сілкілеу

Қосымша

ақпарат

Картоп және

қуырылған картоп

тілімдері
Жұқа, мұздатылған

картоп тілімдері

300-700

12-16

200

Сілкілеу

Қалың, мұздатылған

картоп тілімдері

300-700

12-20

200

Сілкілеу

Үйде

дайындалған картоп

тілімдері (8x8 мм)

300-800

18-25

180

Сілкілеу

0,5 үлкен қасық

май қосыңыз

ҚазаҚша

64

This manual is related to the following products: