Philips HD9225 User Manual
Page 62

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Бірінші рет қолданар алдында
1
Құралды орауышынан шығарыңыз.
2
Құралдың барлық жапсырмаларын алып тастаңыз.
3
Себетті және табаны ыдыс жуатын сұйықтық қосып, ыстық суда қырмайтын
ысқышпен жақсылап тазалаңыз.
Ескертпе. Бұл бөлшектерді ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
4
Құрылғының іші мен сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Бұл ыстық ауамен жұмыс істейтін аэрогриль. Табаға сұйық май немесе қуыруға арналған май
құймаңыз.
Пайдалануға дайындау
1
Құралды тұрақты, көлденең және тегіс бетке қойыңыз.
Құралды ыстыққа төзімсіз беттерге қоймаңыз.
2
Себетті табаға дұрыстап салыңыз (Cурет 3).
3
Құралдың төменгі жағында орналасқан ток сымын сақтау бөлігінен ток сымын тартып
шығарыңыз.
Табаға май немесе басқа сұйықтық құймаңыз.
Құралдың үстіне ештеңе қоймаңыз. Бұл ауа ағынына кедергі жасап, ыстық ауамен
қуырылатын тағамға әсер етеді.
Құралды пайдалану
Аэрогрильде тағамдардың көптеген түрлерін дайындауға болады. Бірге берілетін рецепт
кітапшасы құралмен танысуға көмектеседі. Қосымша рецепттерді www.philips.com/kitchen
торабынан табуға болады.
Ыстық ауамен қуыру
1
Қуат штепсельдік ұшын тек жерге қосылған қабырға розеткасына жалғаңыз.
2
Табаны аэрогрильден абайлап шығарыңыз (Cурет 4).
3
Азық-түліктерді себетке салыңыз. (Cурет 5)
Ескертпе. Себетті MAX («ЕҢ ЖОҒ.») көрсеткішінен асыра толтырмаңыз немесе кестеде
(осы тараудағы «Параметрлер» бөлімін қараңыз) көрсетілген мөлшерден асырмаңыз. Бұл түпкі
нәтиженің сапасына әсер етуі мүмкін.
Кеңес. Бір уақытта әртүрлі азық-түлік түрлерін дайындау керек болса, оларды бөлу үшін,
бөлгішті пайдаланыңыз. Бөлгішті себетке салып, себеттің әр жағына азық-түліктерді
толтырыңыз. Бірге дайындамас бұрын, азық-түліктердің дайындалу уақытын және
температурасын қарап алыңыз. Мысалы, картоп текшелерін және шницельді бір уақытта
дайындауға болады, өйткені оларды дайындау уақыты мен температурасы бірдей. Әр
азық-түліктің ең көп мөлшері қалыпты мөлшердің жартысы екенін есте сақтаңыз. (Cурет 6)
ҚазаҚша
62