Электромагниттік өрістер (эмө), Қолдануға дайындау, Иық белдігін байланыстыру (тек fc6130 ғана) – Philips FC6130 User Manual
Page 66

- Шаң сорғышты міндетті түрде фильтір бөлігі, шаң жинағыш орны,
және Таза Ауа HEPA фильтірі жиналған күйде ғана қолданыңыз.
- Қосымша бөлшектерін байланыстырар немесе ажыратар кезде
құралды міндетті түрде сөндіріңіз.
- Шу деңгейі: Lc = 84 dB(A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі
кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану
қауіпсіз деуге болады.
Қолдануға дайындау
Құралда, шаң сору барысында қолайлылық алу үшін, иық белдігі және
құбылмалы шлангісі (FC6130) немесе таяқшасы және еден саптамасы
(FC6132) бар.
Құралға қоса, сонымен қатар, сезімтал беттерді тазалауға арналған
қылшық аспабы және қолыңыз жетуі қиын жерлерді тазалауға
арналған жарықшақты аспабы да беріледі.
иық белдігін байланыстыру (тек FC6130 ғана)
1
Иық белдігін байланыстыру үшін, ілгектерін құралдағы қосымша
бөлшек нүктелеріне байланыстырыңыз.
Таяқшасын және еден саптамасын байланыстыру (тек
FC6132 ғана)
1
Таяқшаны жинау үшін, оның төменгі бөлігін жоғарғы бөлігіне
байланыстырыңыз (‘сырт’ ете түседі) (Cурет 2).
Ескертпе: Сіз таяқшаны жинақтаған соң, оны ажырата алмайсыз.
2
Таяқшаны құралдың артындағы таяқша қосымша бөлшекке
арналған нүктесіне енгізіңіз («сырт» ете түседі) (Cурет 3).
- Таяқша енгізілгенде, ондағы бүдір құралдағы қосымша бөлшек
нүктесімен тепе тең болуы тиіс.
ҚазаҚша
66