Philips FC8132 User Manual
Page 47
![background image](/manuals/9543/47/background.png)
Сақтау
1
Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2
Қуат сымын жинау түймесін басып, сымды жинап алыңыз (Cурет 30).
3
Құралды тігінен қойыңыз. Саптаманы құралға бекіту үшін, саптаманың шығып тұрған
жағын сақтап қою ойығына енгізіңіз.
Ескертпе. Жиналмалы түтікті құламайтындай етіп тұрғызу үшін, түтікті барынша
қысқартыңыз.
Қоршаған орта
- Жарамдылық мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта
өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін
тигізеді (Cурет 31).
Кепілдік және қызмет
Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға
болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips
дилеріне хабарласыңыз.
ақаулықтарды жою
1
Сору қуаты жеткіліксіз
- Мүмкін шаң дорбасы толып кеткен болар.
Егер қажет болса, шаң дорбасының ішін босатыңыз.
- Сүзгіні тазалау немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Қажет болса, сүзгілерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.
- Қол сабындағы сору қуатының сырғытпасы ашық қалған болуы мүмкін.
Сырғытпаны жабыңыз.
- Сору қуатының электронды басқару құралы төмен күйге орнатылған болуы мүмкін.
Басқару құралын жоғары параметрге орнатыңыз.
- Саптама, түтік немесе шланг бітеліп қалған болуы мүмкін. (Cурет 32)
Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше жалғаңыз
(мүмкін болса). Шаңсорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта сорып, шығаруға болады.
2
Тек кейбір түрлерде: шағын турбо щетканың ішіндегі щеткаға шаш тұрып қалады.
- Шағын турбо щетканы тазалаңыз. «Тазалау» тарауындағы «Шағын турбо щетканы тазалау»
бөлімін қараңыз.
ҚазаҚша
47