Philips FC8132 User Manual
Page 46
![background image](/manuals/9543/46/background.png)
шағын турбо щетканы тазалау (кейбір түрлерде ғана)
Шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы келесі қадамдарды орындап тазалаңыз.
1
Ойығы өзіңізге қарағанша, шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы бұраңыз. Щеткаға
жиналып қалған шашты, жіптерді, т.б. қайшымен қиып алыңыз. (Cурет 25)
2
Түктерді, қылдарды және басқа кір заттарды щеткадан алыңыз.
ауыстыру
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
шаң дорбасын алмастыру
- «Шаң дорбасы толы» көрсеткішінің түсі тұрақты өзгеретін болса (яғни, саптама еденге
тигізілмеген кезде де), шаң дорбасын ауыстыру керек (Cурет 26).
1
Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2
Оны ашу үшін, қақпағын жоғары қарай тартыңыз.
3
Шаң дорбасын ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз.
Шаң сорғыш дорбаны құралдан алып жатқанда оны тік ұстаған жөн.
4
Ұстағыштан толған шаң дорбасын шығару үшін, картон тілін тартыңыз (Cурет 27).
, Осы әрекет жасалғанда, дорба автоматты түрде жабылады.
5
Жаңа шаң дорбасының картон алдын дорба ұстағышының екі тесігіне барынша итеріп
салыңыз. (Cурет 28)
6
Шаң дорбасы ұстағышын қайтадан шаң сорғышқа салыңыз (Cурет 29).
Ескертпе. Егер шаң дорбасы салынбаған болса, қақпақ жабылмайды.
7
Қақпақты басып жабыңыз.
HEPA шығыс сүзгісін ауыстыру
Сүзгіні алмастырмас бұрын, құралды, міндетті түрде, розеткадан ажыратыңыз.
HEPA шығыс сүзгісін әр 12 ай сайын ауыстырып тұрыңыз.
- Ескі сүзгіні шығарып, жаңасын орнату үшін, «Тазалау және техникалық қызмет көрсету»
тарауының «HEPA шығыс сүзгісін тазалау» бөліміндегі сүзгілерді шығару және орнату
нұсқауларын орындаңыз.
шаң дорбаларына тапсырыс беру
- Philips Classic s-bag ® синтетикалық шаң дорбаларға FC8021 үлгі нөмірі бойынша тапсырыс
беруге болады.
- Philips Clinic s-bag ® сүзудің жоғары деңгейін беретін синтетикалық шаң дорбаларға FC8022
үлгі нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Philips Anti-odour s-bag ® синтетикалық шаң дорбаларға FC8023 үлгі нөмірі бойынша
тапсырыс беруге болады.
- Қайта қолдануға арналған шаң дорбаларына (тек кейбір елдерде) 4322 004 93370 үлгі
нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
Ескертпе. s-bag дорбалары туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.s-bag.com сайтына өтіңіз.
Сүзгілер мен қосалқы құралдарға тапсырыс беру
- HEPA шығыс сүзгілерін FC8070 үлгі нөмірімен алуға болады.
ҚазаҚша
46