Philips FC8132 User Manual
Page 43
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Шлангты, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ
шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз.
- Осы құрылғы мен шағын турбо щетканы үй жануарларына қолданбаңыз.
- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
Ескерту
- Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа ағынына кедергі жасауы
мүмкін.
- Шаңсорғышты пайдаланып күл, топырақтың ұсақ түйіршіктерін, әк, цемент шаңын және
осыған ұқсас заттарды сорғанда, шаң дорбасы мен моторды қорғайтын сүзгі бітеліп қалады.
Сору қуатының қатты азайғаны байқалса, шаң дорбасын ауыстырып, моторды қорғайтын
сүзгіні тазалаңыз.
- Шаң жинау дорбасын ауыстыру немесе сүзгілерді тазалау, сондай-ақ қосалқы құралдарды
жалғау немесе ажырату алдында, құрылғыны розеткадан міндетті түрде ажыратып
отырыңыз.
- Шаң дорбасы немесе моторды қорғайтын сүзгі болмаса, құралды қолданбаңыз. Бұл
моторды зақымдап, жұмыс мерзімін қысқартуы мүмкін. Қос қабатты Philips s-bag ® шаң
дорбаларын ғана пайдалану ұсынылады.
- Шу деңгейі: Lc= 81 dB(A).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Пайдалануға дайындау
шланг
1
Шлангты жалғау үшін, оны құрылғының ішіне салып, итеріңіз («сырт» еткен дыбыс
шығады) (Cурет 2).
2
Шлангты ажырату үшін, шешу түймелерін басып (1), шлангты қосу тесігінен шығарыңыз
(2). (Cурет 3)
Жиналмалы түтік
1
Түтікті шлангтағы қол сабына жалғау үшін, тар бөлігін кең бөлігіне сәл бұрап
енгізіңіз (Cурет 4).
Түтікті ажырату үшін, сәл бұрап тартыңыз.
2
Шаң сорғанда, жиналмалы түтікті ыңғайлы ұзындыққа келтіріңіз. Түтіктегі сырғытпаны
басып (1), түтіктің төменгі бөлігін астына қарай итеріңіз немесе жоғары қарай тартыңыз
(2) (Cурет 5).
ҚазаҚша
43