beautypg.com

Қатты едендерді сусабынмен тазалау – Philips HR6835 User Manual

Page 69

background image

6

Құралды сөндіріңіз.

Сіңу деңгейіне байланысты сіз мына төменде суреттелген үш сусабынмен жуу әдісін

қолдануыңызға болады (немесе оларды қиыстыруға да болады!).

Сергіту

Егер сіздің кілеміңізді (немесе оның бір бөлігін) сәл сергіту ғана керек болса, онда сізге

тым көп сусабын шашыратудың керегі жоқ.

Өзіңізге қарай қозғалыс жасап жатқанда ғана сәл сусабын шашыратқаныңыз дұрыс болар.

Содан соң шүріппені босатып, саптаманы тазалап жатқан жердің үстінен бірнеше рет

сусабын қолданбастан жүргізіңіз.

Терең тазалау

Өте кір кілемді немесе оның кірленген бөлігін жақсылап тазалау үшін, саптаманы

тазаламақшы болып жатқан жердің үстінен бірнеше рет сусабын шашырата

отырып жүргізіңіз.

Одан да терең тазалау

Өте қатты кірленген немесе дақ басып қалған жерлерді одан да терең тазалау үшін, мотор

блогын сөндіріңіз, алайда сорғышты жұмыс жасата беріңіз.

Шүріппені қысып, сусабын шашыратыңыз.

Сусабын шашыратқан жерде бірнеше минут бойы жатып, сіңсін, содан соң мотор блогын

қайтадан қосып, сусабынды сорып алыңыз.

Тым көп сусабын шашыратпаңыз, себебі ол кілемге зақым тигізуі мүмкін.

Кілемді сусабынмен жуған кезде берілетін кеңестер:

Суға төзімсіз едендерді сусабынмен жууға болмайды. Егер сіз күмәндансаңыз, онда кілем

алған жермен кеңесіңіз.

Сезімтал маталарды, қолдан тоқылған кілемдерді немесе бояуы шығатын кілемдерді

сусабынмен тазаламаңыз.

Кілеміңіздің бояуы шығатындығын тексеріп алыңыз. Ол үшін, ақ шүберекке кішкене суда

ерітілген сусабынды құйыңыз. Содан соң, кілемнің көзге көрінбейтін бөлігін ысқылап

көріңіз. Егер шүберекте ешқандай із қалмаса, онда кілеміңіздің бояуы шықпайтын болғаны.

Алайда, егер шүберекте бояу іздері қалған болса, онда кілеміңізді сусабынмен тазаламаңыз.

Егер күмәндансаңыз, кәсіпкер маманмен байланысыңыз.

Сусабынмен тазалар алдында бүкіл тазаламақшы болған жерді шаң сорғышпен тазалап

алыңыз.

Дұрыс және жылдам кептіру үшін, сусабынмен тазалап жатқан бөлме тазалау барысында

және тазалауды аяқтағанда ауамен жақсы желдетілетін болсын.

Тазалап болғаннан соң, кілем үстінен қайтадан басып жүрер алдында, оның жақсылап

кепкендігін тексеріңіз: сергітілген бөліктер әдетте 30 минут ішінде кебеді, ал терең

тазаланған жерлер кебу үшін 2 сағаттай уақыт керек болады. Әрине, кебу уақыты, сонымен

қатар, шашыратқан сусабын мөлшеріне, температураға, ауа дымқылдығына және бөлменің

желдетілу деңгейіне байланысты болады.

Көрініп тұратын саптамалар (екі тесігі бар саптама және қаптамалы саптама)

сізге кілеміңіздің немесе қатты еденіңіздің қаншалықты тазаланғанын көру мүмкіндігін

береді. Ол үшін әшейін ғана жиналып жатқан қоспаның түсін көрсеңіз болады.
Қатты едендерді сусабынмен тазалау

Қатты едендерге арналған екі тесігі бар 3- мақсатты «басу» адапторында сізге таныс үш

тазалау аспабы болады: (Cурет 40)

1 Еденге жабысып қалған кірді тазалауға арналған қылшық;

2 Сусабынды шашырату, тарату және сүртіп алуға арналған ысқыш;

3 Соруға мүмкіндік беретін, еденнен сусабынды сығып алатын швабра.

1

Екі тесігі бар сусабынға арналған саптамаға қатты едендерге арналған адапторды сырт

еткізіп кигізіңіз. (Cурет 41)

Есіктен ең алыс жерден бастап, жұмысыңызды есікке қарай жасаңыз.

,

-

-

-

,

-

,

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

,

ҚазаҚша

69

This manual is related to the following products: