beautypg.com

Philips LivingWhites Leuchten-Adapter Starter-Set User Manual

Page 98

background image

98

• Қашықтан басқару құралын пайдаланғанда, түймелер жыпылықтайды. Ол нені білдіреді?

• Бұл қашықтан басқару құралындағы батарея заряды таусылғанын және оны ауыстыру

керек екенін білдіреді.

• LivingWhites штепсельдік ұшы ішінде жарық реттегіші бар шамдармен жұмыс істей ме

(мысалы, түрткенде реттелетін немесе кабельдегі реттегіш)?

• Philips компаниясы штепсельдік ұштың басқа жарық реттегішпен жұмыс істейтініне

кепілдік бермейді.

• LivingWhites штепсельдік ұшын қабырғадағы жарық реттегішке қосылған розеткаға жалғауға

бола ма?

• Жоқ, штепсельдік ұш қабырғадағы жарық реттегішпен жұмыс істемейді.

• LivingWhites штепсельдік ұшымен жұмыс істеу үшін, шамға арнайы лампа орнату керек пе?

• Жоқ, LivingWhites шамын басқаратын штепсельдік ұш лампалардың көбімен жұмыс

істей береді (ерекше жағдайларды келесі тармақтан қараңыз).

• Philips LivingWhites қуат үнемдегішін LivingWhites штепсельдік ұшына жалғамаңыз, қуат

үнемдегішіне әсер етуі мүмкін. Қуат үнемдегішін штепсельдік ұшқа жалғаудың қажеті

жоқ, LivingAmbiance / LivingWhites қашықтан басқару құрылғысымен жұмыс істеу үшін

бұл өнімдердің біреуін жалғау жеткілікті.

• Менің сұрағым бұл тізімде жоқ

• Көмек алу үшін, Philips компаниясына хабарласыңыз («Қосымша қолдау» атты

5-бөлімді қараңыз).

5. Қосымша қолдау

Қызмет:

Қосымша ақпарат керек болса, сондай-ақ қиындықтар орын алса, Philips компаниясының

www.consumer.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе Philips жарық өнімдерінің байланыс

орталығына мына тегін телефон арқылы хабарласыңыз: 00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775

Кепілдік:

Өнім нұсқаулары және мақсаты бойынша қолданылған болса, Philips компаниясының екі жылдық

кепілдігі жарамды болады. Кепілдік бойынша арыздар тек сатып алынған күні, сатқан мекеменің

аты және өнім сипаттамасы жазылған түпнұсқа сатып алу құжаты (есеп-шот, сатқан мекеменің

түбіртегі немесе чек) болса ғана қабылданады.

Philips кепілдігі мына жағдайларда жарамайды:

- сатып алған құжатта немесе өнім сипаттамасы құжатында кез келген жазу алмастырылған,

шимақталған, өшірілген немесе көрінбейтін болса;

- зақымдау, байланысты дұрыс орнатпау немесе дұрыс қолданбау салдарынан ақаулар орын

алса;

- найзағай, су тасқыны, өрт, дұрыс қолданбау немесе немқұрайдылық сияқты жағдай салдарынан

LivingWhites штепсельдік ұшына зақым тисе;

- LivingWhites штепсельдік ұшы ашылған немесе бөлшектенген болса.

Тазалау және күту:

Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан суырыңыз.

Сырып алмау үшін, LivingWhites штепсельдік ұшын тек жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалау керек.

Тазалау агенттерін қолдануға болмайды.

Қауіпсіздік нұсқаулары:

• LivingWhites штепсельдік ұшын сұйықтықтан және ылғалды жерден алшақ ұстаңыз.