8 сағат, 7 жылағанда ескерту – Philips AVENT Vigilabebés DECT User Manual
Page 196

196
7.8 Сағат
Сағаттың әдепкі параметрі жасырын болады.
Сағатты көрінетін етіп таңдауға және ата-
аналар бөлігіндегі мәзірде сағатты орнатуға
болады.
1
+ және - түймелерін пайдаланып
мәзірден «Set clock» (Сағатты орнату)
тармағын таңдаңыз. Растау үшін OK
түймесін басыңыз.
2
«Show Time» (Уақытты көрсету) тармағын
таңдау үшін + не - түймесін пайдаланып,
растау үшін OK түймесін басыңыз.
3
+ және - түймелерін пайдаланып «Set the
time» (Уақытты орнату) тармағын таңдаңыз.
Растау және уақытты орнатуды бастау үшін
OK түймесін басыңыз.
• Сағат көрсеткіші дисплейде
жыпылықтайды.
4
Сағатты орнатып, растау үшін OK түймесін
басыңыз.
• Минут көрсеткіші дисплейде
жыпылықтайды.
5
Минутты орнатып, растау үшін OK түймесін
басыңыз.
• Сағат уақыты дисплейдің хабар өрісінде
басқа көрсеткіштерге ауысады.
7.7 Жылағанда ескерту
Баланың жылап жатқанын ескерту үшін
жылағанда ескертуді орнатуға болады.
1
+ және - түймелерін пайдаланып
мәзірден «Cry alert» (Жылағанда ескерту)
тармағын таңдаңыз. Растау үшін OK
түймесін басыңыз.
2
+ және - түймелерін пайдаланып мәзірден
«Vibration ON» (Дірілді қосу) тармағын
таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
• Жылағанда ескерту көрсеткіші
дисплейде көрінеді.
• Төртінші дауыс деңгейіндегі жарық
жанып тұруы үшін бала бөлмесіндегі
дыбыс қатты болса, жылағанда
ескерту өшеді. Ата-аналар бөлігі діріл
дыбысын шығарып, дисплейде «Cry
alert» (Жылағанда ескерту) хабары 4
секунд бойы көрінеді. Дыбыс азайғанша
немесе жылағанда ескертуді өшіргенше,
жылағанда ескерту әр 8 секунд сайын
қайталанады.
3
Жылағанда ескертуді ажырату үшін мәзірден
«Cry alert» (Жылағанда ескерту) тармағын
таңдаңыз және + және - түймелерінің
көмегімен «Vibration OFF» (Дірілді өшіру)
опциясын таңдаңыз.