Philips AVENT Vigilabebés DECT User Manual
Page 184

184
2
Мәзірді проектор опцияларымен ашу үшін
көрсеткіні опциялар өрісіне апарып, растау
үшін OK түймесін басыңыз.
3
Проектор таймерін 5-20 минутқа орнатуға
немесе проекторды үздіксіз қосып қоюға
болады. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
• Егер проекторды қосқан болсаңыз,
тыныштандыру түймесін басу арқылы
тыныштандыру экранынан шыққанда,
проектор белгісі ата-ана модулі
дисплейінде көрінеді.
• Егер проектор таймерін орнатқан
болсаңыз, проектор автоматты түрде
өшеді және уақыт орнатылғаннан
кейін, проектор белгісі ата-ана модулі
дисплейінен жоғалады.
• Егер проекторды үздіксіз қоссаңыз,
тыныштандыру экранында
проекторды өшіру қажет. Сонда
проектор белгісі ата-ана модулі
дисплейінен жоғалады.
4
Бесік жыры таймерін 5-20 минутқа орнатуға
немесе бесік жырларын үздіксіз ойнатуды
таңдауға болады. Таймер параметрін растау
үшін OK түймешігін басыңыз.
• Егер бесік жырын ойнатуды таңдаған
болсаңыз, тыныштандыру экранынан
шығу үшін тыныштандыру түймесін
басқанда, бесік жыры белгісі ата-ана
модулі дисплейінде көрінеді. Ойнатылған
бесік жыры хабар өрісінің екінші
жолағында 2 секунд бойы көрсетіледі.
• Егер бесік жыры таймерін орнатқан
болсаңыз, бесік жыры функциясы өшеді
және уақыт орнатылғаннан кейін, бесік
жыры белгісі ата-ана модулі дисплейінен
жоғалады.
• Егер бесік жырын үздіксіз ойнатуды
таңдасаңыз, тыныштандыру
экранында немесе K нәресте модуліндегі
бесік жырын ойнату/тоқтату түймесін
басу арқылы бесік жырын ойнатуды
өшіріңіз.
6.1.3 Проектор
Бұл тыныштандыру мүмкіндігі нәресте бөлігінде
проекторды қосуға және проекция ұзақтығын
бағдарламалауға мүмкіндік береді.
1
Проектор мүмкіндігін таңдау үшін, +
және - түймелерін пайдаланып, көрсеткіні
проектор белгісінің үстіңгі жағына
жылжытыңыз да, проекторды қосу немесе
өшіру үшін OK түймесін басыңыз.