5 температура – Philips AVENT Vigilabebés DECT User Manual
Page 194

194
8
«Цельсий» немесе «Фаренгейт» шкаласын
таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
• Дисплейде орнатылған шкаладағы
температура көрсетіледі. Температура
орнатылған ауқымда болса,
температура ескертуі белгісінде екі
бөлік болады.
• Температура орнатылған ауқымнан
төмен болса, дисплейдегі температура
ескертуі таңбасында бір бөлік болады
және ол жыпылықтайды. Дисплейде
«TOO COLD» (ТЫМ САЛҚЫН) хабары
көрінеді.
• Температура орнатылған ауқымнан
жоғары болса, дисплейдегі температура
ескертуі таңбасында үш бөлік болады
және ол жыпылықтайды. Дисплейде
«TOO HOT» (ТЫМ ЫСТЫҚ) хабары
көрінеді.
7.5 Температура
Нәресте 16°C/61°F және 20°C/68°F
аралығындағы температура ауқымында тыныш
ұйықтайды. Ең төменгі және ең жоғарғы
температура ауқымын және температура
орнатылған ауқымнан ауытқып кетсе,
ескертілетіндей етіп орната аласыз.
1
+ және - түймелерін пайдаланып мәзірден
«Temperature» (Температура) тармағын
таңдаңыз да, растау үшін OK түймесін
басыңыз.
2
+ және - түймелерін пайдаланып мәзірден
«Temp Range» (Температура ауқымы)
тармағын таңдап, растау үшін OK түймесін
басыңыз.
• Ең төменгі температура көрсеткіші
дисплейде жыпылықтайды.
3
10°C/50°F және 19°C/66°F аралығында ең
төменгі температура ауқымын орнату үшін
+ және - түймелерін пайдаланыңыз. Pастау
үшін OK түймесін басыңыз.
• Ең жоғарғы температура көрсеткіші
дисплейде жыпылықтайды.
4
22°C/72°F және 37°C/99°F аралығында
жоғарғы температура ауқымын орнату үшін
+ және - түймесін пайдаланыңыз. Pастау
үшін OK түймесін басыңыз.
5
+ және - түймелерін пайдаланып «Alert»
(Ескерту) тармағын таңдаңыз. Растау және
температура ескертуі опциясын орнатуды
бастау үшін OK түймесін басыңыз.
6
Ескерту опцияларының бірін таңдау
үшін + және - түймелерін пайдаланыңыз.
Қолжетімді опциялар: тек дыбыс, дыбыс
және діріл, тек діріл және тек көрсету.
Растау үшін OK түймесін басыңыз.
• Ескерту опциясы таңдауыңызды
растаған соң, температура туралы
ескерту таңбасы дисплейде пайда
болады.
7
+ және - түймелерінің көмегімен «Temp
Scale» (Температура шкаласы) тармағын
таңдаңыз. Растау және температура
шкаласын орнатуды бастау үшін OK
түймесін басыңыз.