beautypg.com

Жабдықтарды қолдану – Karcher SC 4-100 C User Manual

Page 293

background image

– 11

Ұзартқыш түтіктерді жабдықтар үшін
үлкен ұстауыштарға енгізіңіз.

Еден жууға арналған шүмегін парк
ұстауышына іліңіз.

Бу жіберуге арналған шлангіні
ұзартқыш түтіктерді айналдыра
ораңыз жəне бу тапаншаны еден
жууға арналған шүмегіне енгізіңіз.

Қуат сымын өзінің сақтау орнына
орналастырыңыз.

Бу тазалағышын қолданбас бұрын
еденді сыпыру не шаңсорғылау
ұсынылады. Осылайша еден ылғалды
тазалау алдында кір/бос қоқыстан
тазаланады.

Тоқыма бұйымдарын тазалауды
бастамас бұрын, алдымен көрінбейтін
аймақта тоқыманың бу əсеріне
тұрақтылығын тексеру қажет. Алдымен
бумен тазалаңыз да, кептіріп, матаның
түсі, пішіні өзгеруін тексеріңіз.

Ас бөлмесінің жəне үй жиһазы, есіктер,
паркет сияқты лакталған немесе
жасанды материалдармен қапталған
беттерді тазалаған кезде, балауыз,
жиһаз политурасы, жасанды
материалдардан жасалған беттер жəне
сыр бөлініп, түсіп қалуы, дақтар пайда
болуы мүмкін. Осы беттерді тазалау
кезінде матаны кішкене құрғатыңыз
жəне беттерін сүртіңіз.
Сақтық нұсқауы
Жапсырылған жиектерге буды
бағыттамаңыз, себебі жабыстырғыш
түсіп қалуы мүмкін. Бұйымды лак
жағылмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазалау үшін
пайдаланбаңыз.

Суық ауа райы кезінде, əсіресе қыста,
терезе əйнектерін, əйнек бетін бумен
ақырындап өңдеп, жылытыңыз.
Осылайша, əйнекте жарықшақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін əйнек
бетінің деформациялану кернеуі түседі.
Содан кейін терезе бетін қол
бүріккішімен жəне қаптамамен
тазалаңыз. Судан босату үшін ракельді
қолданыңыз немесе беттерін құрғақ етіп
сүртіңіз.
Сақтық нұсқауы
Терезе жақтауының лакпен қапталған
жерлеріне нұқсан келтіріп алмас үшін,
буды оған қарай бағыттамаңыз.

Сіз бу пистолетін саптамаларсыз да
пайдалана аласыз, мысалы:

ілулі тұрған киімдегі иістер мен
бүрмелерді кетіру үшін оларды 10-20
см қашықтықтан бумен өңдеңіз.

өсімдіктерден шаңды кетіру үшін.
Сол үшін 20-40 см қашықтығын
сақтаңыз.

шаңды ылғалды кетіру үшін, осы
мақсатта шүберекті аздап бумен
өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.

Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің
кірленген жерге жақындығына тəуелді
жоғарылайды, себебі температура мен
қысым шүмегінің шыға берісінде ең
жоғары болып табылады. Қол жетуге
қиын жерлерді, фугаларды,
арматураларды, суағарларды,
шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту
батареяларын тазалауға əсіресе тиімді
болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында
сірке суымен немесе лимон
қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін
бумен тазалап, кетіруге болады.

Жабдықтарды қолдану

Маңызды қолдану тұралы

нұсқаулары

Жер бетін тазалау

Тоқыманы жаңарту

Қапталған, жалатылған немесе
лакталған беттерді тазалау

Əйнектерді тазалау

Бу пистолеті

Нүктелі ағын шүмегі

293

KK

This manual is related to the following products: