beautypg.com

Karcher SC 6-800 C User Manual

Page 320

background image

– 12

Суық ауа райы кезінде, əсіресе қыста,
терезе əйнектерін, əйнек бетін бумен
ақырындап өңдеп, жылытыңыз.
Осылайша, əйнекте жарықшақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін əйнек
бетінің деформациялану кернеуі түседі.
Содан кейін терезе бетін қол
бүріккішімен жəне қаптамамен
тазалаңыз. Судан босату үшін ракельді
қолданыңыз немесе беттерін құрғақ етіп
сүртіңіз.
Сақтық нұсқауы
Терезе жақтауының лакпен қапталған
жерлеріне нұқсан келтіріп алмас үшін,
буды оған қарай бағыттамаңыз.

Сіз бу пистолетін саптамаларсыз да
пайдалана аласыз, мысалы:

ілулі тұрған киімдегі иістер мен
бүрмелерді кетіру үшін оларды 10-20
см қашықтықтан бумен өңдеңіз.

өсімдіктерден шаңды кетіру үшін.
Сол үшін 20-40 см қашықтығын
сақтаңыз.

шаңды ылғалды кетіру үшін, осы
мақсатта шүберекті аздап бумен
өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.

Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің
кірленген жерге жақындығына тəуелді
жоғарылайды, себебі температура мен
қысым шүмегінің шыға берісінде ең
жоғары болып табылады. Қол жетуге
қиын жерлерді, фугаларды,
арматураларды, суағарларды,
шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту
батареяларын тазалауға əсіресе тиімді
болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында
сірке суымен немесе лимон
қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін
бумен тазалап, кетіруге болады.

Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде
нүктелі ағын шүмегіне орнатуға болады.
Қылшақпен тазалаудың арқасында,
тұрып қалған кірлерді оңайырақ кетіруге
болады.
Сақтық нұсқауы
Тез ақауланатын беттерді тазалауға
келмейді.

Сурет
Цилиндрлік қылшақты шүмегіне
орнатыңыз.

Қуат шүмегін қосымша ретінде нүктелі
ағын шүмегіне орнатуға болады.
Қуат шүмегі бу ағынының жылдамдығын
арттырады. Сондықтан ол аса қатты
ластануды тазалау, бұрыштарды,
саңылауларды жəне т.б. үрлеп тазарту
үшін жарамды.

Сурет
Қуат шүмегін дөңгелек қылшаққа
сəйкес нүктелі ағын шүмегіне
бекітіңіз.

Қиын қол жеткізілетін жерлер үшін,
нүктелі ағын шүмегіне ұзартқышты да
қосымша орнатуға болады. Бұл иілген
жерлерге, мысалы, бұрыштар не тар
саңылауларға қол жеткізуді жеңілдетеді.
Сонымен қатар, құйылыс тесіктерін
тазалау үшін өте жарасады.

Түкті матадан жасалған тысқапты қол
шүмегіне тартып кигізіңіз. Əсіресе үлкен
емес, жууға болатын аудандар үшін
жақсы келеді, мысалы, душ кабиналары
жəне айналар үшін.

Жууға болатын барлық қабырға немесе
еденді төсемдер үшін жақсы келеді,
мысалы тас едендер, кафель плиталары
жəне ПВХ жасалған еден төсемдері
үшін. Өте кірленген беттерде бу
ұзағырақ əсер ету мақсатында баяу
жұмыс істеңіз.

Əйнектерді тазалау

Бу пистолеті

Нүктелі ағын шүмегі

Цилиндрлік қылшақ

Қуат шүмегі

Ұзартқыш, Нүктелі ағын шүмегі

Қол шүмегі

Еден жууға арналған шүмегі

320

KK

This manual is related to the following products: