Кепілдеме, Қауіпсіздік туралы нұсқаулар – Karcher MV 4 User Manual
Page 176
– 6
Бұйымдарымыз үшін əр елде жауапты
өтім серіктестеріміз тарапынан
шығарылатын кепілдеме шарттары
күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау
барысындағы қателіктер табылса, біз
ықтимал ақаулықтарды кепіл мерзімі
ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса,
бұйымды сатқан сауда мекемесіне
немесе жақындағы өкілетті сервистік
қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
–
Бұл құрылғыны физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой
дамуы шектелген немесе
тəжірибесі жəне/немесе
біліктілігі жоқ адамдар
білікті маманның
бақылауында болмаған
кезде немесе осы
мамандар тарапынан
бұйымды қолдану тəсілі
жəне оған қатысты
қауіптер түсіндірілмеген
кезде пайдаланбауы тиіс.
–
Балалар 8 жастан асқан
жағдайда немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты
адам бақылауында немесе
құрылғының қолдану
тəсілімен жəне оған
қатысты қауіптермен
танысқан кезде ғана
құрылғыны қолдана алады.
–
Балаларға құрылғымен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
–
Балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермеу үшін
оларды бақылап отыру
керек.
–
Балалар құрылғыны тек
ересектердің
бақылауында тазалауы
жəне пайдалануы мүмкін.
–
Қаптауыш қағазды
балалардан аулақ
ұстаңыз, тұншығып қалу
қаупі бар!
–
Бұйымды əр пайдалану
жəне тазалау/қызмет
көрсетуден кейін өшіріңіз.
–
Өрт қаупі. Жанғыш немесе
тұтанғыш заттарды
соруға болмайды.
–
Жарылу қаупі бар
жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
ṇ
Электр қуатқа қосу
Бұйымды тек қана ауыспалы
тоққа қосыңыз. Тоқ кернеуі
бұйымның түрі белгісіндегі
көрсетілген кернеуіне сəйкес
болуы тиіс.
ƽ
Электр тоқ соғу қауібі
Кабель ашасы мен электр
розеткасын ешқашан
ылғалды қолмен ұстамаңыз
не түртпеңіз.
Кабель ашасын розеткадан
шығару үшін бұйым кабелінен
тартпаңыз.
Қосу кабелдері мен бұйым
ашасын қолдану алдынан
алдынала бұзылған жерлері
болған болмағанын тексеріп
алыңыз.
Кепілдеме
Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
176
KK