Қысқаша нұсқаулық – Karcher SC 952 User Manual
Page 181

– 7
Бұйымды тек қана ауыспалы тоққа
қосыңыз. Тоқ кернеуі бұйымның түрі
белгісіндегі көрсетілген кернеуіне
сəйкес болуы тиіс.
Ылғалды бөлмелерде, мысалы,
ванна бөлмелерінде, бұйымды
арнайы FI қауіпсіздік ажыратып-
қосқышымен розеткаға қосу тиіс.
Жарамсыз электрлік ұзарту
кабельдерін қолдану қауіпті болуы
мүмкін. Ұзартқыш ретінде тек су
бүркіндісінен сақтайтын кемінде 3 х
1 мм² көлденең қималы электрлік
кабельді пайдаланыңыз.
Электр ашасы мен ұзартқыш
жалғауы суда жатпау керек.
Электр тоққа қосу кабелі немесе
ұзартқыштағы жалғау
муфталарын алмастыру кезінде
бүркіндіден сақталуын жəне
механикалық беріктікті
қамтамасыз ету қажет.
Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдану керек.
Бұйыммен жұмыс істеу кезінде
жергілікті ерекшеліктерге назар
аударуы керек, жақында жүрген
адамдарды ескеруі қажет.
Бұл құрылғыны физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы
шектелген немесе тəжірибесі жəне/
немесе біліктілігі жоқ адамдар
білікті маманның бақылауында
болмаған кезде немесе осы
мамандар тарапынан бұйымды
қолдану тəсілі жəне оған қатысты
қауіптер түсіндірілмеген кезде
пайдаланбауы тиіс.
Балалар 8 жастан асқан жағдайда
немесе олардың қауіпсіздігіне
жауапты адам бақылауында немесе
құрылғының қолдану тəсілімен жəне
оған қатысты қауіптермен
танысқан кезде ғана құрылғыны
қолдана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға жол
бермеу үшін оларды бақылап отыру
керек.
Бұйымды ешқашан қосулы күйінде
қалдыруға болмайды.
Электр розеткалары бар кафельді
қабырғаларды тазалау кезінде
қауіпсіздікті сақтаңыз.
Сақтық нұсқауы
Электр тоққа қосу кабелі мен
ұзартқыштың қиылу, қысылу,
созылу жəне т.б. нəтижесінде
пайда болған ақаулардың болмауын
қадағалау керек. Электр кабелдер
ыстықтың, майдың əсерінен жəне
өткір қырлардың зақымдануынан
сақтаңыз.
Су резервуарына еріткіштерді,
еріткіші бар сұйықтықтарды жəне
де араластырылмаған
қышқылдарды (мысалы, жуғыш
заттар, жанармай, бояуларға
арналған еріткіш немесе ацетон)
құюға тыйым салынады, əйтпесе,
бұйымның жасалған
материалдарына зиян келтіруі
мүмкін.
Жұмыс барысында Бу берудің
деңгей реттегішін бекітуге
болмайды.
Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз.
Далада ашық аспан астында
сақтауға болмайды.
Суреттер ашылатын 4
бетте қараңыз
1 Су резервурын шығарып алыңыз.
2 Су резервурының қақпақшасын
шығарып алыңыз.
3 Су резервурын толтырып, су
резервурының қақпақшасын
жабыңыз.
4 Су сауытын тығыздап бекітіңіз.
5 Желі ашасын енгізіңіз.
Шамамен 15 секундтан кейін бу
тазалағыш жұмысқа дайын.
6 Бекіткішті артқы позицияға
жылжытып, бу берудің деңгей
реттегіші басыңыз.
Қысқаша нұсқаулық
181
KK