Әркүндік қолдану, 1 температура индикаторы, 2 жылжымалы сөрелер – Electrolux ERN2301AOW User Manual
Page 45: 3 есіктің сөрелерін орналастыру, 4 ылғалдылықты басқару
![background image](/manuals/382259/45/background.png)
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Температура индикаторы
Бұл құрылғы Францияда
сатылады. Осы елде
қолданылатын ережелерге
сәйкес бұл құрылғы
тоңазытқыштың ең суық
зонасын көрсетіп тұру үшін
оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы
құралмен (суретті қараңыз)
жабдықталуға тиіс.
4.2 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
4.3 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені көрсеткі бағытымен
біртіндеп орнынан алынғанша
тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге
салыңыз.
1
2
Ауа дұрыс айналып
тұру үшін, есіктің
астыңғы сөресін
жылжытпаңыз.
4.4 Ылғалдылықты басқару
Шыны сөре көкөніс салынатын
тартпа(лар)дың ылғалдылық деңгейін
реттеуге мүмкіндік беретін
саңылаулары (сырғыма тетіктің
көмегімен реттелетін) бар құралмен
жабдықталған.
ҚАЗАҚ
45