Пайдалану – Bosch GAS 35 L SFC+ Professional User Manual
Page 140
140 | Қaзақша
1 609 92A 0E0 | (25.7.13)
Bosch Power Tools
– Қоқыс қабының 23 қалғанын контейнер 1 шетінен
қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Қоқыс қабын шешіп жабу
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық қоқыс қабын 23 ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз.
– Қоқыс қабын 23 абайлап оны зақымдамай
шаңсорғыштан шығарыңыз.
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір заттарға
тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Сосын қоқыс қабын 23 толтыру тесігінің астынан
шешілген желімдеу таспасының қаптамасымен
байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақтар)
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық шаң қабын ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен
жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер 1 ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (Ылғал шаңсору)
(F суретін қараңыз)
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
– Қылшақты жолды 27 сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан 28 шешіңіз.
– Резеңке жиегін 26 едендік қондырмаға 28 салыңыз.
Ескертпе: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
L-Boxx шертіңіз (G суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш
жабдықтарын және/немесе электр құралын жай
тиімдейтін ретте сақтау үшін шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінде L-Boxx шертіңіз.
– L-Boxx патрондарға 7 басыңыз.
Шаңсорғышты басылған L-Boxx тұтқасынан
көтермеңіз. Шаңсорғыш ол тұтқа үшін өте ауыр.
Жарақаттану мен зақымдану қауіпі бар.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдарымен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
– Шектік мәні > 1 мг/м
3
болған шаңдар
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін шаңсорғышты тек
пайдаланарда қосыңыз.
Оптималды сору қуатын қамтамасыз ету үшін сору шлангін
21 шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен 8 толық алыңыз.
Құрғақ сору
Жиылған шаңдарды сорыңыз
– Шаңсорғышты қосу үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 „Cору“ белгісіне
жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 „Өшіру“ белгісіне
жылжытыңыз.
Істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңдарды
сору (H суретін қарау)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышта жерге қосылған розетка 3 орнатылған. Ол
жерде сыртқы электр құралын қосу мүмкін. Қосылған
электр құралының максималды рұқсат етілген қосылатын
қуатына назар аударыңыз.
– Аспаптық жалғастырғышты 19 орнату („Аспаптық
жалғастырғышты орнату“ 139 бетін қараңыз).
– Аспаптық жалғастырғышты 19 электр құралының келте
құбырына салыңыз.
Ескертпе: Электр құралмен жұмыс істегенде шаң сору
шлангысында ауа жеткіліксіз берілсе (мысалы, қыл
аралар, тегістеу машиналары және т.б.), құралдың жалғау
муфтасының 19 сыртқы ауа тесігін 32 ашу керек. Тек
осының арқасында сүзгіні жартылай автоматты тазалау
(SFC+) қиындықсыз жұмыс істейді.
Бұл үшін сыртқы ауа тесігінің 32 үстіндегі сақинаны тесік
барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың бастау/тоқтау
автоматикасын іске қосу үшін
пайдалану түрінің ауыстырып-қосқышын
5 „Бастау/тоқтауавтоматикасы“ белгісіне
орнатыңыз.
– Шаңсорғышты пайдалануға беру үшін розеткасына 3
қосулы электр құралын қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты ретте жұмыс істеуді бастайды.
– Электр құралын өшіріп соруды тоқтатыңыз.
OBJ_BUCH-1702-002.book Page 140 Thursday, July 25, 2013 3:30 PM