Өнім және қызмет сипаттамасы – Bosch GDR 10,8-LI Professional User Manual
Page 109
![background image](/manuals/250648/109/background.png)
Қaзақша | 109
Bosch Power Tools
1 609 92A 0BV | (18.6.13)
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Бұранданың жасырын тоқ сымына тиюі ықтимал
жұмыстарды орындауда құралды
оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Бұранда
тоқ өтетін сымға тиген жағдайда металды құрал
бөлшектеріне тоқ беріліп, соғуына алып келуі мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
Тек электр құралдың зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берілген өлшем аймағында бұрандаларды
бұрап кіргізу немесе шығаруға және сомындарды бұрап
бекіту немесе босатуға арналған.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Шарлық ысырмалы қондырмалы бита*
2 Аспап пантроны
3 Бекіту төлкесі
4 „PowerLight“ шырағы
5 Тасымалдау ілмегі қысқышы
6 Аккумуляторды босату түймесі*
7 Аккумулятор*
8 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
9 Қосқыш/өшіргіш
10 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
11 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
12 Қондырма биталардың әмбебап ұстағышы*
13 Қондырма бита*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Аккумуляторлық қағатын
бұрауыш
GDR 10,8-LI
Өнім нөмірі
3 601 JA6 9..
Жұмыс кернеуі
В=
10,8
Бос айналу сәті
мин
-1
0 – 2600
Қағулар саны
мин
-1
0 – 3100
Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеуге
есептелген.
OBJ_BUCH-1066-004.book Page 109 Tuesday, June 18, 2013 10:16 AM