Техникалық күтім және қызмет – Bosch GAS 55 M AFC Professional User Manual
Page 170
170 | Қaзақша
1 609 92A 0DB | (22.7.13)
Bosch Power Tools
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
шаңдық тексеруді орындауы қажет, мысалы сүзгінің
зақымдалуын, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігін және
бақылау құрылғысының жұмыс істеуін.
Лас орталықта тұрған М сыныпындағы шаңсорғыштардың
сырты және барлық машина бөліктері тазаланып,
герметикпен өңделуі керек. Қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді
алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда
қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай
тастау керек.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Ажыратудан алдын мүмкін
қауіптерді болдырмау үшін шаңсорғышты тазалау керек.
Шаңсорғыш ажыратылатын бөлме жақсы желдетілуі
керек. Қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдықтарын киіңіз. Қызмет көрсетуден соң қызмет
көрсету жайын тазалау керек.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шешу/алмастыру (J1 –J2
суреттерін қараңыз)
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні 30 бірден
алмастырыңыз.
– Пластинаны 20 тартып сүзгі қаптамасын 39 ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгінің 30 қалқасынан ұстап оны
жоғарыға шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні 30 алуда түсетін шаң бен ласты
ылғалды шүберекпен сүзгі қаптамасының 39
шеттерінен жойыңыз.
PES мен PTFE- жалпақ қатпарлы сүзіні су ағынында шаю
мүмкін.
– Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні 30
орнатып дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
– Сүзгі қаптамасын 39 қайта жабыңыз (дыбыс шығарып
тірелуі керек).
Контейнер
Контейнерді 1 стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Сұйықтық толтыру сенсорлары (K суретін қараңыз)
Толтыру сенсорлерін 40 тазалап түріңіз.
– Құлыптарды 15 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
13 ашыңыз.
– Толтыру сенсорлерін 40 жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 13 орнатып
құлыптарды 15 жабыңыз.
Сақтау (L суретін қараңыз)
– Желілік кабелін кабель ұстағышынан ораңыз 14.
– Жаюдықтарды олар үшін арналған ұстағыштарға
салыңыз: сору құбырларын 35 22 ұстағыштарына,
тесік қондырманы 31 21 ұстағышына, едендік
қондырманы 34 24 ұстағышына.
– Сору шлангі ұстағышының иілімді таспасын 4 ашып
сору шлангін 27 шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің
айналасынан 4 ұстағышына салыңыз.
Иілмелі таспаларды қайта асыңыз.
– L-Boxx патрондарға 11 басыңыз.
– Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды 2 шланг
патронына 3салыңыз.
– Шаңсорғышты құрғақ бөлмеде сақтап білмей
пайдаланудан қорғаңыз.
– Басқару дөңгелектерін 18 бекіту үшін басқару
дөңгелектерінің тежегішін 17 төменге басыңыз.
Тасымалдау (M суретін қараңыз)
– Шаңсорғышты тек тасымалдау тұтқасынан 10 ұстаңыз.
– Бағыттау қапсырмасын 12 пайдаланып шаңсорғышты
жылжытыңыз немесе шаңсорғышты басқыш алаңы
үстінен тартыңыз.
Ақаулықтарды жою
Ақау
Шешімі
Сору турбинасы істемей жатыр.
– Желілік кабельді, сақтандырғышты, розетканы және толтыру
сенсорлерін 40 тексеріңіз.
Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышы 7 „Бастау/тоқтау автоматикасы“
нда тұр.
– Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышы 7 „Сору“ белгісіне орнатыңыз
немесерозеткаға 5 қосулы электр құралын қосыңыз.
Сору турбинасы өшеді.
– Контейнерді 1 босатыңыз.
OBJ_BUCH-1747-002.book Page 170 Monday, July 22, 2013 4:43 PM