beautypg.com

Қaзақша, Қауіпсіздік нұсқаулары, Белгілер – Bosch GAS 55 M AFC Professional User Manual

Page 164

background image

164 | Қaзақша

1 609 92A 0DB | (22.7.13)

Bosch Power Tools

Қaзақша

Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Осы нұсқаулықты толық орындаңыз.
Асбестік заттектерді сормаңыз. Асбест канцерогенді

болып табылады.

Шаңсорғышты пайдалану жөніндегі,
сорылатын заттектер мен оларды

жою туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң ғана
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Нұсқаулықтарды дәл
орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды
азайтады.
Бұл шаңсорғыш балалардың, дене немесе ой

қабілеттері шектелген, тәжірібесі және білімі аз
адамдардың пайдалануына арналмаған.
Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар
қаупі пайда болады.

Балаларға абай болыңыз. Балалардың

шаңсорғышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.

Балалардың шаңсорғышты тазалауына немесе

жөндеуіне жол бермеңіз.

Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және
тиісті шаралар арқылы

сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі
тоқ соғу қаупін арттырады.
Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер

сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.

Розетканы тек пайдалану
нұсқаулығында белгіленген

мақсаттарда пайдаланыңыз.

Көбік немесе су шықса шаңсорғышты
бірден өшіріп, контейнерін

тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы
мүмкін.

Шаңсорғышты
жаңбырдан, сыздан

қорғаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су кірсе,
ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Шаңсорғышты тек ішкі бөлмелерде сақтау қажет.

Сұйықтық толтыру
сенсорын жүйелі түрде

тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері
жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін.

Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану

қажет болса, автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдаланыңыз.
Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін
төмендетеді.

Шаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге қосылған тоқ

желісіне қосыңыз. Розетка мен ұзартқышта жұмыс
істейтін қорғайтын сым болуы қажет.

Әр пайдаланудан алдын шаңсорғышты, кабельді

және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз.
Зақымдалған
шаңсорғыш, кабель және айыр электр тоғының соғу
қаупін арттырады.

Кабельді баспаңыз немесе оны жаншып

тастамаңыз. Айырды розеткадан шығару немесе
шаңсорғышты жылжыту үшін кабельді тартпаңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.

Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін

алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз.
Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.

Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз

жеткізіңіз.

Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы

бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш
қауіпсіздігін сақтайсыз.

Шаңсорғыш денсаулыққа зиян
келтіретін шаңды жұтады. Босату мен

жөндеу, шаң жинау контейнерін тазалау жұмысын
мамандарға орындатыңыз. Тиісті химиялық затқа
қарсы киім қажет болады. Шаңсорғышты толық сүзгі
жүйесінсіз пайдаланбаңыз.
Кері жағдайда
денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз

болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін
сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын.
Шаңды жұтып жіберу мүмкін.

Желі кабелін және сорғыш шлангын абайлап

пайдаланыңыз. Олардың өзге адамдарға зиян келтіруі
мүмкін.

Шаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен

тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғары жағына су кірсе, ол
электр тоғының соғу қаупін арттырады.

Белгілер

Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге
шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

OBJ_BUCH-1747-002.book Page 164 Monday, July 22, 2013 4:43 PM