Жинау, Пайдалану – Bosch GAS 25 L SFC Professional User Manual
Page 93

Қaзақша | 93
Bosch Power Tools
1 609 92A 086 | (28.2.13)
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де
сипатталған өнімнің төмендегі ереже немесе нормативті
құжаттарға сәйкес екенін білдіреміз: EN 60335,
2011/65/EU, 2006/42/EG, 2004/108/EG ережелеріндегі
анықтамалары және өзгерістері бойынша.
Техникалық құжаттар (2006/42/EG) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
Leinfelden, 01.03.2013
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (А суретін
қараңыз)
– Құлыптарды 10 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 3
ашыңыз.
– Толық шаң қабын 11 ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен
жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын 11 шаңсорғыш ернемектік
біріктіргішіне кигізіңіз. Шаң қабының 11 контейнер 9
ішінде толықтай жатуына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 3 жабыңыз.
– Құлыптарды 10 жабыңыз.
Құрғақ шаңсору үшін шаң қабын 11 орнату керек. Шаң
қабын 11 пайдалануда қатпарлы сүзгі 12 ұзақ бос тұрып
сору қуаты өзгертпейді және шаңды жою оңай болады.
Сорғыш шлангты орнату (А суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангын 8 шланг қысқышына 7 салып оны
сағат тілімен тірелгенше бұраңыз.
– Сорғыш құбырларын бір - біріне берік салыңыз.
Ескертпе: Bosch статикалық электрді апарғызатын
диаметрі 19 мм немесе 35 мм сорғыш шлангтарын
орнатуды ұсынады.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдарымен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Көбік немесе су шықса шаңсорғышты
бірден өшіріп, контейнерін
тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы
мүмкін.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
– Шектік мәні > 1 мг/м
3
болған шаңдар
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Пайдалану түрлерінің реттеуішіндегі белгілер
Қосу/өшіру
– Шаңсорғышты қосу үшін, пайдалану түрлерінің
реттеуішін 4 on белгісіне жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін шаңсорғышты тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, пайдалану түрлерінің
реттеуішін 4 off белгісіне жылжытыңыз.
Қашықтықтан басқару автоматикасы (В суретін
қараңыз)
Шаңсорғышта жерге қосылған розетка 5 орнатылған. Ол
жерде сыртқы электр құралын қосу мүмкін. Шаңсорғыш
қосылған электр құралы арқылы автоматты ретте жұмыс
істейді. Қосылған электр құралының максималды рұқсат
етілген қосылатын қуатына назар аударыңыз.
– Пайдалану түрлері ауыстырып-қосқышын 4 Қашықтан
басқару автоматикасымен пайдалану белгісіне
жылжытыңыз.
Электр құралдары үшін керек-жабдық ретінде қосу үшін
түрлі шланг жүйелері бар.
– Шаңсорғышты пайдалануға беру үшін розеткасына 5
қосулы электр құралын қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты ретте жұмыс істеуді бастайды.
– Шаңсорғышты өшіру үшін электр құралын өшіріңіз.
Шаңсорғыш автоматты ретте шам. 6 секундтан соң
өшеді.
Электромагниттық сүзгі тазалау (SFC)
Құрылғыда электромагниттық сүзгі тазалау қызметі бар,
ол қатпарлы сүзгіні 12 жабысқан шаңдан тазалайды.
Сору қуаты жетерлік болмай қалса сүзгі тазалауды
орындау қажет.
Dr. Egbert Schneider
Senior Vice President
Engineering
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
on
Қосу
off
Өшіру
Электромагниттық сүзгі тазалау (SFC)
Қашықтықтан басқару автоматикасы
ЕСКЕРТУ
OBJ_BUCH-464-006.book Page 93 Thursday, February 28, 2013 2:46 PM