Қазақша – Philips HR1861 User Manual
Page 49

49
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Сіздің жаңа шырын сыққышыңыз арнайы, 5
c сәл ғана еңкейтілген жобамен жасалған, ол шырын
шығатын орын жағына еңкейіп, шырынның тиімді түрде сығылуын қамтамасыз етеді.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A
Итергіш
B
Азық салатын түтік
C
Қақпақ
D
Сүзгі
E
Шырын жинағыш
F
Шүмек
G
Қабықтарды жинайтын контейнер
H
Қысқыштар
I
Басқару тұтқасы
J
Жетек вал
K
Мотор
L
Тоқ сымын сақтағыш
M
Шырын құмыран қақпағы
N
Көбікті ажыратушы
O
Шырын құмырасы
P
Тазалау щеткасы
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, ағын сумен шаюға да болмайды.
абайлаңыз!
- Құрылғыны қосар алдында, оның негізінде көрсетілген кернеу жергілікті кернеу мөлшеріне
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер ток сымы, штепсельдік ұшы немесе басқа бөлшектері зақымдалған болса, құралды
қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
- Бұл құрал физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (оның
ішінде балалар), тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құралды қалай қолдану керектігін
түсіндіруі тиіс.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса, құралды әрі қарай қолдануға болмайды.
Жақын жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.
- Құрал жұмыс жасап тұрған кезде, еш уақытта азық салатын түтікке саусақтарыңызды немесе
басқа затты салмаңыз. Ол үшін итергішті ғана қолданыңыз.
- Сүзгінің негізінде орналасқан кесетін кішкене пышақтарға қолыңызды тигізбеңіз. Олар өте
өткір.
ҚазаҚша