Қазақ – Vitek VT-2342 User Manual
Page 17

17
ҚАЗАҚ
рұқсаты бар сервис орталығына
хабарласыңыз.
•
Ауа тазартқыш тікелей УК-сəуледен
қорғалған, аспап қақпақты немесе сүзгілер
блогын шешкен кезде шамның өшуін
қамтамасыз ететін блоктау жүйесімен
жабдықталған. Жарақат алу қатеріне жол
бермеу үшін қақпақтың блоктау схемасына
қандай да бір өзгерістер енгізуге тыйым
салынады.
• Қауіпсіздік мақсаттарында
электрстатикалық сүзгінің қақпағын
шешпес бұрын аспапты əрқашан
розеткадан өшіріңіз.
Орналастыру
Ауа тазартқышқа орын таңдау кезінде
келесілерді ескеру қажет:
• аспапты магниттік өрісі күшті
құрылғылардың жанында қоюға
болмайды, мысалы теледидар,
радиоқабылдағыш, өйткені олар аспаптың
жұмысына əсер етуі мүмкін;
• ауа өткізгіш тесіктер жəне ауа шығатын
тесіктер перделерге тым жақын тұрмауы
қажет.
• аспаптың ауаны ластайтын көздің маңында
тұруы жəне желдеткіштің болуы бөлмедегі
ауаны тиімді тазартуға мүмкіндік береді.
Сүзгілеу жəне тазалау жүйесі
Осы тазартқыш көп сатылы сүзгілеу
жүйесіне ие.
• Алдын ала тазалау сүзгісі 20 мк
өлшеміндегі шаң бөлшектерін тиімді ұстап
қалады;
• HEPA сүзгісі ауаны 0.3 мк өлшеміндегі
шаң бөлшектерінен тазартады, оның
тиімділігі 99,7%;
• Өңделген түйіршіктелген көмірден
жасалған сүзгі зиянды газдарды жəне
басқа жағымсыз иістерді кетіреді, мысалы
темекі түтінінің иісін жояды;
• Ультракүлгін бактерицидті шам зиянды
бактерияларды жəне вирустарды өлтіреді;
• Катализаторлық сүзгі формальдегид,
аммиак, сутек сульфиді жəне
көмірқышқыл газы сияқты ауадағы зиянды
газдарды ыдыратады.
• Ішіне орнатылған иондағыш ауаны
миллиондаған теріс зарядталған
иондармен байытады.
Қашықтықтан басқару пульті
Аспап қашықтықтан басқару пультімен
жабдықталған, ол аспаптан 6 метр
қашықтықта аспаптың қажетті жұмыс режимін
орнатуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан
басқару пульті жұмыс істеу үшін оған AAA
типіндегі 2 батареяны салу қажет.
Маңызды: Батареяларды құрылғыдағы
белгілерге сəйкес дұрыс орнатыңыз. Əр
түрлі батареяларды (ескі жəне жаңа,
типі əр түрлі жəне т.б. батареялар) қатар
қолданбаңыз. Егер аспапты ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды
алып тастаңыз.
Шаң мен иіс датчиктері
AUTO режимінде ішіне орнатылған шаң мен
иіс датчиктері автоматты түрде ауа сапасын
анықтайды жəне тазартқыш арқылы өтетін
ауа ағынын реттейді. Олар орнатылған ауа
сапасына сəйкес желдеткіш жұмысының
жылдамдығын автоматты түрде реттей
алады.
Ескерту: Егер Сіз ауа тазартқыштың орнын
ауыстыратын болсаңыз, датчиктер жаңа
жағдайға қалыптасу үшін оларға біраз уақыт
қажет болуы мүмкін. Сондықтан біраз уақыт
бойы датчик индикаторларының көрсеткіші
сəл ауытқуы мүмкін.
АУА ТАЗАРТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Ауа тазартқышты қолданудың алдында
сүзгілер блогының дұрыс орналасқанын
тексеріңіз.
Желілік сымның ашасын розеткаға
салыңыз. Аспапты қосу үшін басқару
панеліндегі
(1) ON/OFF
батырмасын
(6)
немесе қашықтықтан басқару пультіндегі
(22)
батырманы
(23)
басыңыз. Аспапты
өшіру үшін осы батырманы тағы бір рет
басыңыз.
Жылдамдықты таңдау
Аспапты қосқаннан кейін ол төмен
жылдамдық режимінде (өздігінен орнатылған
жылдамдық) жұмыс істейтін болады. Сіз
басқару панеліндегі
(1)
“SPEED” батырмасын
2342.indd 17
2342.indd 17
02.08.2007 12:06:38
02.08.2007 12:06:38