beautypg.com

Philips HD9189 User Manual

Page 87

background image

шөптерді немесе дәмдеуіштерді пайдаланғанда 0,5-3 шай қасық салуды ұсынамыз. Балғын

шөп және дәмдеуіштер қолданылғанда көбірек салыңыз.

- Дәмдендіргіш тікелей тамшы науасында орнатылатын ең төменгі табақта тамақ

әзірлегенде ең тиімді болады.

- Дәмдендіргішке салынатын шөптер, дәмдеуіштер мен сұйықтықтар туралы толық ақпаратты

жоғарыдағы тамақты бумен пісіру кестесінен қарауға болады.

- Тамаққа біраз май қосу дәмдендіргіш әсерін жақсартады және тамаққа жақсырақ дәм береді.

- Ең жақсы нәтиже алу үшін шөптерді майда бөліктерге бөліңіз және дәмдендіргішті біркелкі

толтырыңыз.

- Ең жақсы дәм алу үшін тамақты әзірлегеннен кейін бірден жеуді ұсынамыз.

- Дәмдендіргішке сұйықтықтарды құймаңыз.

Жемістер мен көкөністер

- Түсті орамжапырақ, брокколи және орамжапырақтың қалың сабақтарын кесіп тастаңыз.

- Жапырақты, жасыл түсті көкөністерді ең қысқа уақыт бумен пісіріңіз, себебі олар түстерін

жеңіл жоғалтады.

- Тоңазытылған көкөністерді бумен пісірер алдында ерітудің керегі жоқ.

Ет, тауық, теңіз тағамдары, және жұмыртқа.

- Нәзік, сәл майы бар еттер бумен пісіргенге өте қолайлы.

- Етті жақсылап жуып алып, сөлі шықпауы үшін сүртіп құрғатыңыз.

- Сұйықтығы ағып кететіндіктен, етті, құс етін, балықты немесе жұмыртқаларды басқа тамақ

түрлерінің астына қойыңыз.

- Жұмыртқаны бумен пісіргішке салар алдында тесіп алыңыз.

- Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен

пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
Тәтті тағамдар

- Тәтті тағамдардың дәмін күшейту үшін, қант қосудың орнына біраз даршын қосыңыз.

Жалпы кеңестер

- Тек HD9190 үлгісінде: күріш пісіру үшін күріш пен суды сорпа ыдысына салу керек. Мөлшері

туралы ақпаратты жоғарыдағы тамақты бумен пісіру кестесінен қараңыз.

- Күріштің алдын ала орнатылған түймесінің көмегімен күрішті әзірлеуді аяқтағанда, құралды

өшіріңіз, күрішті араластырыңыз және қақпағы жабылған ыдыста 5 минутқа қалдырыңыз. Бұл

одан да жақсырақ нәтиже береді.

- Тек HD9190 үлгісінде: сорпа әзірлеуден басқа, сорпа ыдысын соустағы көкөністерді әзірлеу,

балықты әзірлеу, маринадталған тамақты әзірлеу және пудинг, сорпа және күріш жасау үшін

пайдалануға да болады.

- Тамақ бөліктерінің арасында біраз бос орын қалдырыңыз және тамақты табақтың түбіне

біркелкі жайыңыз.

- Бумен әзірлеу табағы тым қатты толып тұрса, пісіру уақытының жартысы өткенде, тамақты

араластырыңыз.

- Аз мөлшердегі тамақ көп мөлшердегі тамаққа қарағанда аз уақытта піседі.

- Бір бумен әзірлеу табағын қолданған жағдайда, 2 немесе 3 бумен әзірлеу табағын

қолданған кездегіге қарағанда тамақ тезірек дайын болады.

- Бірнеше бумен әзірлеу табағы қолданылған жағдайда, 5-10 минут артық пісіріңіз.

- Үстіңгі бумен әзірлеу табақтарындағы тамаққа қарағанда, шағын бумен әзірлеу табағындағы

(1) тамақ тезірек піседі.

- Жемес бұрын тамақтың дайын болғанын тексеріңіз. Бұл шошқа еті, майдаланған сиыр еті

және тауық еті үшін әсіресе маңызды.

- Бумен пісіру барысында, тамақ немесе тамақ салынған бумен әзірлеу табақтарын қосуға

болады. Ингредиентті пісіруге аздау уақыт кететін болса, кейінірек қосыңыз.

ҚазаҚша

87

This manual is related to the following products: