Қоршаған айнала, Қайта зарядталатын батареяларды алу – Philips HQ 6990 User Manual
Page 90
Қоршаған айнала
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан
кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы
жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға
себіңізді тигізесіз.
Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын
батарея құрамында қоршаған айналаға тигізер
зиянды заттар бар. Құралды тастар немесе
арнайы жинап алатын орынға берер алдында
батареяны алып тастаңыз. Батареяны арнайы
батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Егер сіз
батареяны шағару сіздің қолыңыздан келмесе,
құралды Philips қызмет орталығына апаруыңызға
болады, ондағы адамдар батареяны сіз үшін
алып, оны қоршаған айналаға зияны тимейтін
жағдайда оның көзін жояды.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Батареяны тек ұстараны тастар алдында
ғана алыңыз. Батареяны алар алдында оның
толығымен таусылғандығын тексеріңіз.
1
Құралды өшіріңіз, адапторды қабырғадағы
розеткадан шығарып, құрал тоқ сымын
құралдан алып тастаңыз.
Ұстараны тоқтағанша жұмыс жасатыңыз.
Ұстараның артындағы бұрауыштарды
босатып, оны ашыңыз.
Батарея таспаларын қиғышпен кесіп,
желімделген таспадан батареяларды
босатып тартыңыз.
-
-
ҚазаҚша
90