Philips FC9160 User Manual
Page 55
2
Егер құрылғыңыз инфрақызыл басқару пультімен қамтамасыз етілген болса (тек белгілі
бір түрлерде), күту режимі түймесін басып, мәселен, жиһаздарыңызды жылжытып алу
үшін шаңсорғышты уақытша сөндіре тұруға болады. (Cурет 28)
3
Шаң соруды әрі қарай жалғастыру үшін, күту режимі түймесін қайтадан басыңыз. Құрылғы
алдында орнатылған сору қуаты бағдарламасы бойынша қайта жұмыс істей бастайды.
Сақтау
1
Құбырды ең қысқа ұзындығына апару үшін, оның бөлшектерін бір-біріне кіргізіңіз.
2
Құрылғыны сөндіріп, оны ток көзінен ажыратыңыз.
3
Қуат сымын жинап қою үшін, қуат сымын жинау түймесін басыңыз (Cурет 29).
4
Құрылғыны тігінен жинап қою үшін, саптама жиектерін сақтап қоятын орынға
кіргізіңіз (Cурет 30).
5
TriActive саптамасын тек кілем бағдарламасында (щетканың таспасы саптама ішіне
кіргізілген) сақтаңыз. Сондай-ақ, жанындағы щеткаларды майыстырып
алмаңыз (Cурет 15).
шаң дорбасын босату/алмастыру
Бір рет қолданылатын шаң дорбасын тастар алдында немесе қайта қолданатын шаң
дорбасын алмастырар алдында құрылғыны сөндіріңіз.
Ескертпе. Кейбір жағдайда шаң дорбасы толды дегенді білдіретін көрсеткіш шаң дорбасы бос
болса да, оның толып тұрғанын көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдай шаң дорбасындағы тесіктер
бітеліп қалғанда (мысалы, күл, ұсақ құм, әк, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды
сорғызғанда) немесе саптама, құбыр немесе шланг ішінде бір нәрсе тұрып қалған жағдайда
туындауы мүмкін. Шаң дорбасының тесіктері бітеліп қалса, шаң дорбасы толмаса да, оны
ауыстыру қажет. Шаң дорбасы бітелмеген, сондай-ақ әлі толмаған болса, онда саптама,
құбырдың немесе шлангының ішінде бір нәрсе тұрып қалған. Мұндай жағдайда, шаң дорбасын
шығармаңыз. Тұрып қалған затты алып тастаңыз.
Бір рет қолданылатын шаң дорбасын алмастыру
- «Шаң дорбасы толы» көрсеткішінің түсі тұрақты өзгеретін болса (яғни, саптама еденге
тигізілмеген кезде де), шаң дорбасын ауыстыру керек (Cурет 31).
1
Оны ашу үшін, қақпағын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 32).
2
Шаң дорбасын ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Cурет 33).
Құралдан шаң дорбасы бар ұстағышты көлденеңінен шығарып алыңыз.
3
Ұстағыштан толған шаң дорбасын шығару үшін, картон тілін тартыңыз (Cурет 34).
, Шаң дорбасының ауызы автоматты түрде жапсырылады.
4
Жаңа шаң дорбасының картон алдын дорба ұстағышының екі тесігіне барынша итеріп
салыңыз. (Cурет 35)
5
Шаң дорбасы ұстағышын қайтадан шаңсорғышқа салыңыз.
Ескертпе. Шаң дорбасы салынбаса, оның жабыны жабылмайды.
Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек белгілі бір елдерде).
Кей елдерде, шаңсорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары да беріледі,
оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын бір рет
қана қолдануға болатын шаң дорбаларының орнына қолдануға болады.
ҚазаҚша
55