Philips FC9160 User Manual
Page 54
Қосалқы құралдар
1
Саңылаулы құралды (1), кішкене саптаманы (2) немесе кішкене щетканы (3) тікелей
шлангының қол сабына немесе шлангіге қоса аласыз. Құбырға қолданылатын тәсілдерді
пайдаланыңыз. (Cурет 19)
- Саңылауларды тазалау құралын бұрыштар мен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін
қолданыңыз.
- Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкене жерді тазалау үшін қолданыңыз.
- Кішкене щеткалы саптаманы компьютерлер мен кітап сөрелерін тазалау үшін қолданыңыз.
Қосалқы құрал ұстағышы
1
Қосымша құрал ұстағышты сабына сырт еткізіп орнатыңыз (Cурет 20).
2
Екі қосымша құралды қосымша құрал ұстағышқа сырт еткізіп салыңыз:
- Саңылаулы құрал және кішкене саптама (Cурет 21).
- Саңылаулы құрал және кішкене саптама (Cурет 22).
Ескертпе. Кіші саптаманы сақтау орнына суретте көрсетілгендей етіп салу керек.
Инфрақызыл қашықтан басқару пульті (тек белгілі бір түрлерде)
1
Батарея орнының қақпағын алыңыз.
2
Батареяларды батарея орнына салыңыз (Cурет 23).
Батареялардың + және – жақтары дұрыс бағытта орналасқанын тексеріңіз.
3
Батареялар орнының қақпағын қайта жабыңыз
Құралды пайдалану
1
Қуат сымын құрылғыдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткаға
кіргізіңіз.
2
Құрылғының жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басып, құралды
қосыңыз (Cурет 24).
Сору қуатын реттеу
Шаң сорып жатқанда сору қуатын реттеуге болады.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді тазалау үшін, ең жоғары сору қуатын таңдаңыз.
- Перделер, дастархандар және т.б. тазалау үшін, ең төмен сору қуатын таңдаңыз.
Инфрақызыл қашықтан басқару пульті (тек белгілі бір түрлерде)
Инфрақызыл қашықтан басқару пультімен сору қуатын 5 түрлі сору қуат бағдарламасының
біріне орнатуға болады.
- Құрылғыны қосқанда, ол әрдайым ең жоғарғы сору қуатымен жұмыс істей бастайды.
- Сору қуатын бір бағдарламаға төмендету үшін, - түймесін басыңыз. (Cурет 25)
Сору қуатын бір бағдарламаға жоғарылату үшін, + түймесін басыңыз.
Сору қуатының түймесі (тек белгілі бір түрлерде).
- Құрылғының жоғарғы жағында орналасқан сору қуатының түймесі арқылы сору қуатын
реттеуге болады (Cурет 26).
Пайдалану барысында уақытша тоқтату
1
Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, құбырды ыңғайлы күйге уақытша қою үшін,
саптаманың шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 27).
ҚазаҚша
54