Clean air hepa ауа шығаратын сүзгісі, Қоршаған орта, Кепілдік және қызмет – Philips FC8230 User Manual
Page 47: Ақаулықтарды шешу

Ескертпе: s-bag® дорбалары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.s-bag.com торабына
кіріңіз.
Clean air hEPa ауа шығаратын сүзгісі
- Clean Air HEPA ауа шығаратын сүзгісіне 4222 459 48841 қызмет көрсету коды бойынша
тапсырыс беруге болады.
Қоршаған орта
- Құрылғыны өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құрылғыны арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу
мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған ортаны қорғауға себебіңізді тигізесіз (Cурет 28).
кепілдік және қызмет
Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар
орталығына хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан
табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилерімен
байланысыңыз.
ақаулықтарды шешу
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Ықтимал себептер
Шешімі
Сору қуаты
әлсіз.
Шаң дорбасы толы.
Шаң дорбасын ауыстырыңыз («Ауыстыру»
тарауын қараңыз).
Мотордың қорғауыш
сүзгі ластанған.
Мотордың қорғауыш сүзгісін тазалаңыз
(«Тазалау» тарауын қараңыз).
Clean Air HEPA ауа
шығаратын сүзгі
ластанған.
Clean Air HEPA ауа шығаратын сүзгісін
ауыстырыңыз («Ауыстыру» тарауын қараңыз).
Сору қуатының
электронды басқару
құралы төменгі
параметрге орнатылған.
Сору қуатының электронды басқару құралын
жоғары параметрге қойыңыз.
Саптама, түтік немесе
құбыр бітеліп қалған.
Бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше
жалғаңыз (мүмкіндік болса). Шаң сорғышты
қосып, тұрып қалған затты кері бағытта үрлеу
арқылы шығарып алыңыз.
ҚазаҚша
47