Саптамалар, Саптаманы түтікке жалғау, Екі дөңгелек қосқышы бар құрама саптама – Philips FC8230 User Manual
Page 44: Құрылғыны қолдану, Шаң сорғышпен тазалау, Сору қуатын бейімдеу

3
Түтіктің ұзындығын шаң сору кезінде өзіңізге ыңғайлы болатын ұзындыққа келтіру үшін,
түтіктің сырғытпасын жоғары қарай итеріп (1), түтіктің жоғарғы бөлігін төмен қарай
итеріңіз немесе жоғары қарай (2) тартыңыз (Cурет 6).
саптамалар
саптаманы түтікке жалғау
1
Саптаманы түтікке жалғау үшін, түтікті саптаманың ішіне салып, кішкене
бұрыңыз (Cурет 7).
Ескертпе: Саптаманы түтіктен ажырату үшін, оны тартып, кішкене бұрыңыз.
Екі дөңгелек қосқышы бар құрама саптама
Сіз құрамалды саптаманы кілемдерді (қылшақты лентасын ішіне кіргізіп) немесе қатты
едендерді (қылшақты лентасын сыртқа шығарып) тазаласаңыз болады.
- Қатты едендерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін
аяғыңызбен басыңыз. Қылшақты лента саптамадағы орнынан шығады (Cурет 8).
- Кілемдерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін
аяғыңызбен тағы бір рет бассаңыз, қылшақты лента қайтадан саптамадағы орнына
кіреді (Cурет 9).
кішкене саптама, саңылауларды тазалау саптамасы және щеткалы саптама
1
Жарықшақты аспапты, кішкене қондырғыны немесе щетканы құбырға немесе тікелей
сапқа жалғастыра аласыз (Cурет 10).
1 Саңылауларды тазалау саптамасы: бұл саптаманы тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді
тазалау үшін қолданыңыз.
2 Кішкене саптама: бұл саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкентай жерді тазалау
үшін пайдалану қажет.
3 Щеткалы саптама: бұл саптаманы компьютер, кітап сөрелері және т.б. тазалау үшін
пайдаланыңыз.
Құрылғыны қолдану
шаң сорғышпен тазалау
- Шаңсорғышты алдыңғы жағында орналасқан тұтқасынан ұстап жылжытуға
болады (Cурет 11).
1
Қуат сымын құралдан суырып шығарып, штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткаға
сұғыңыз.
2
Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басып, құралды
қосыңыз (Cурет 12).
- Егер сіз бір сәтке үзіліс жасағыңыз келсе, түтікті ыңғайлы ұстанымда уақытша қою үшін,
саптаманың томпиып тұрған жағын уақытша қою орнына кіргізіп қойыңыз (Cурет 13).
Ескертпе: Телескопиялық түтікті тұрақты етіп тұрғызу үшін түтікті ең қысқа ұзындығына
реттеңіз.
3
Аспапты өшіру үшін өшіретін түймені қайталап басыңыз.
сору қуатын бейімдеу
- Сору қуатын шаңсорғыштағы сору қуатының электронды басқару құралы арқылы реттеуге
болады (Cурет 14).
ҚазаҚша
44