Кеңестер, Ақаулықтарды жою, Ақаулық ықтимал себептері / шешімдері – Hotpoint Ariston II E75 AA0 User Manual
Page 57
![background image](https://www.manualsdir.com/files/856563/content/doc057.png)
57
it
57
kz
қақты кетіру үшін дымқыл мақта таяқшаларын
қолданыңыз.
Табанды тегіс әрі жылтырақ күйде ұстау
үшін
металл
заттарға
тигізбеңіз,
түймелер, жеңілгектер және ілмектер сияқты
үшкір заттарды үтіктемеңіз - олар табанды
сызып тастауы мүмкін.
5. Таза су сүзгісін (11) тазалау үшін толтыру
тесігін ашып, Таза су сүзгісін шығарып
алыңыз. Судың күші тым жоғары болмауына
назар аудара отырып, сүзгіні су ағынында
жуыңыз, одан кейін оны орнына қойыңыз.
6. Контейнерді жүйелі түрде таза сумен шайып
отырыңыз. Тазалағаннан кейін әрқашан су
контейнерін босатыңыз.
КЕҢЕСТЕР
Compact Generator үтігінде «Оңтайлы табан
температурасы»
технологиясы
қолданылған
болса, сізге келесі кеңестер пайдалы болуы
мүмкін.
•
Киімдерді мата түріне сәйкес сұрыптаңыз.
Оның арқасында температураны әр түрлі
маталарға
қайта-қайта
реттеу
қажет
болмайды.
•
Төмен үтіктеу температурасын қажет ететін
заттардан бастап, одан жоғары үтіктеу
температурасын қажет ететін киімдерге
көшіңіз.
•
Матаның құрамына қатысты күмәніңіз
болса, тігіс жері, шеті немесе ішкі жағы
сияқты көрінбейтін бір жерін үтіктеп көріңіз.
Төмен температурадан бастап, ең қолайлы
үтіктеу параметрін табу үшін температураны
біртіндеп көтеріңіз.
•
Нәзік киімдерді үтіктеу үшін Compact Generator
үтігінің температурасын төмендеткен кезде,
үтік жаңа параметрге жеткенше шамамен 2
минут күтіңіз.
•
Таза жүннен (100% жүн) жасалған киімдерді
температура жүнге орнатылып тұрған
болса, бумен үтіктей беруге болады. Киімде
жылтырақ дақтар қалмауы үшін мақтадан
жасалған матаны қолданған жөн.
•
Тер сіңген жерлерді үтіктеуші болмаңыз,
себебі қызу дақтарды бекітіп, оларды
кетпейтін қылады.
•
Айыр розеткаға қосылмаған болуы немесе тимей тұруы мүмкін.
•
Температура МИН күйіне орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•
Температура индикаторының шамы қосылады. Демек, Compact
Generator үтігі қызып келеді. Орнатылған температураға жеткен
кезде индикатор шамы сөнеді.
•
Су контейнерінде су жеткіліксіз. Су контейнерін толтырыңыз.
•
Compact Generator үтігі жетерліктей ыстық емес. Compact
Generator үтігін қайтадан тұғырға көлденең қойып, үтіктеуге
кіріспес бұрын температура индикаторының шамы сөнгенше
күтіңіз.
•
Бір рет бу шығару түймесі тым жиі қосылғандықтан табан
температурасы төмендеп кетуі мүмкін. Бу шығару аралықтарын
сәл көбейтіңіз.
Табан жылымайды.
Температураның индикатор
шамы бір жанып, бір сөнеді.
Бу аз көлемде шығады
немесе мүлдем шықпайды.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Ақаулық
Ықтимал себептері / шешімдері