Тағам дайындау режимдері – Indesit KN6C517(W)-RU User Manual
Page 30
30
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Температура мәнін төмендегі режимдерден басқа
барлық пісіру режимдері үшін 50 °С мен Макс.
аралығына орнатуға болады
• ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС қуат деңгейін
орнатыңыз).
• ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРИЛЬ (кеңес:
200°C-тан асырмаңыз).
Пештің әр түрлі сипаттарын басқару тақтасындағы
тұтқалар мен түймелердің көмегімен басқаруға
болады.
! Пеш пен грильді алғаш рет пайдаланбас
бұрын оны шамамен 30 минутқа қызуға қойып
қойыңыз. Пеш бос екенін, термостат максималды
параметрге орнатылғанын, есік жабылғанын және
бөлме жақсылап желдетілетінін тексеріңіз. Өндіру
процесінің соңында пеш пен грильге қолданылған
қорғайтын заттардың булануы байланысты бұл
кезде пештен жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Айналмалы істікпен (берілген болса) пісірген
кезде тек ең төменгі сөрені қолданыңыз. Ең төменгі
сөрені басқа пісіру түрі үшін қолданушы болмаңыз
және пеш істеп тұрғанда түбіне ештеңе қоймаңыз,
себебі эмаль қабы зақымдалуы мүмкін. Ыдыстарды
(тәрелкелер, алюминий науалар, т.б.) берілген
тартпаға қойып, тартпа бағыттауыштар көмегімен
пеш ішіне дұрыс орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
ЕРІТУ режимі
Термостат тұтқасын кез келген қалыпқа бұраңыз
Пештің түбіндегі желдеткіш бөлме
температурасындағы ауаны тағам айналасында
айналдырып отырады. Бұл бағдарлама тағамның
кез келген түрін еріту үшін қолайлы, әсіресе
қыздыруға болмайтын нәзік тағамдар, мысалы:
балмұздақ торттары немесе тәтті крем, крем немесе
жеміс қосылған торттар. Еріту уақыты шамамен
екі есе азаяды. Ет, балық немесе нан еріткен
кезде «көп тағам дайындау» режимін пайдаланып,
температураны 80-100 °C аралығында орнату
арқылы процессті жылдамдатуға болады.
ТҰРАҚТЫ ПЕШ режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. қалпының
аралығына қойыңыз. Бұл позиция жоғарғы және
төменгі қыздыру элементтерін қосады. Бұл –
тұтынатын қуат мөлшерін шектей отырып, жылу
үлестірудің ерекше деңгейін қамтамасыз ету үшін
түрлендірілген классикалық дағдылы пеш. Тұрақты
пеш екі не одан көп заттан тұратын ингредиенттері
бірігетін тағамды пісіру бойынша осы күнге
дейін ең жақсы жүйе болып есептеледі; мұндай
тағамдардың мысалы: қабырғалар мен қырыққабат,
испан мәнеріндегі нәлім, Анкона мәнеріндегі
қақталған балық, жұмсақ бұзау еті мен күріш, т.б.
Бұл пісіру режимі сиыр немесе бұзау етінен тұратын
тағамдарды пісірудің ең үздік жолы, мысалы:
бұқтырылған ет, бұқтырылған тағам, гуляш, жабайы
аң еті, шошқа саны мен филесі, т.б., себебі оларды
сұйықтық қосып отырып, баяу пісіру қажет. Сондай-
ақ, ол десерттерді, жемістерді және үсті жабылып,
пеште пісірілетін тағамдар үшін өте қолайлы. Пешті
тұрақты режимде қолданған кезде тек бір сөрені
қолданыңыз (бірнеше сөре қолданылса, жылу дұрыс
тарамауы мүмкін). Әр түрлі сөрелерді қолдану
арқылы пештің жоғарғы және төменгі жағындағы
жылу үлестірімін реттеуге болады. Тағамның үстіне
не түбіне көбірек қызу керек болса, тиісінше төменгі
немесе жоғарғы сөрені қолданыңыз.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚОЛДАНУ режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі
аралығына бұраңыз.
Қыздыру элементтері мен желдеткіш іске қосылады.
Пештің қызуы біркелкі таралғандықтан ауа тағамды
біркелкі қызартып пісіреді. Оған қоса, пісіру
температуралары ұқсас болса, бір уақытта бірнеше
тағамды пісіруге болады. «Бір уақытта бірнеше
сөреде пісіру» азат жолында берілген нұсқауларға
сәйкес бір уақытта ең көбі 2 тартпаны қолдануға
болады.
Бұл функция гратин тағамдарын немесе ұзақ уақыт
пісетін тағамдарды пісіруге өте қолайлы, мысалы:
лазанья, пісірілген паста өнімдері, тауық пен
картопты қуыру, т.б.. Қуырылған етті пісірген кезде
бұл режимнің айтарлықтай артықшылықтары бар,
себебі температура тиісті түрде таралатындығынан
төменірек температураларды орнатуға болады.
Мұның арқасында еттің суы көп шықпай, пеште
оның көлемі сақталып, жұмсақ болады. Желдеткішті
қолдану режимі әсіресе балықты пісіруге қолайлы,
себебі бұл режиммен пісірілген кезде көп сұйықтық
қосудың қажеті жоқ, яғни оның бастапқы дәмі мен
түрі сақталады.
Десерт: бұл режим көтерілетін кекстерді пісіру үшін
ле қолдануға болады.