beautypg.com

Қосу және пайдалану – Indesit KN6C517(W)-RU User Manual

Page 29

background image

KZ

29

Қосу және пайдалану

! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос

күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада

кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті

өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің

жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде

қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне

байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының

бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып

тастаңыз.

Пешті қосу

1. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам

дайындау режимін таңдаңыз.

2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру

режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті

температураны таңдаңыз.

Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам

дайындау температуралары туралы мәліметті

қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады

(«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер»

кестесін қараңыз).

Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді

орындауға болады:

• ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам

дайындау режимін өзгерту.

• ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы

температураны өзгерту.

• Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын

орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).

• РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам

дайындауды тоқтату.

! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;

бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар

істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны

қолданыңыз.

! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)

ға қойыңыз.

ТЕРМОСТАТ индикатор шамы

Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің

іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді.

Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат

жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір

қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.

Пеш шамы

ТАҢДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген

қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп

тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен

параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі

қосылмай, шам жанады.

Пеш қауіпсіздік

! Құрылғы
байқаусызда
түсіп кетпеуі
үшін, мысалы
бала пеш
есігіне шыққан
жағдайда,
бірге берілген
қауіпсіздік
шынжыры
орнатылуы
ТИІС!

Пеш қауіпсіздік шынжырымен жабдықталған; оны
құрылғының артындағы қабырғаға,
шынжыр құрылғыға бекітілген биіктікте
бұрандамен (пешпен бірге берілмейді) бекіту
қажет.
Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы
қабырға материалына сəйкес таңдаңыз.
Бұранда басы 9 мм-ден кіші болса, тығырық
қолданылуы тиіс. Бетон қабырғаға кем дегенде
диаметрі 8 мм жəне ұзындығы 60 мм бұранда
керек.
Шынжыр пештің артқы жағына жəне қабырғаға
суретте көрсетілгендей,
орнатылғаннан кейін жермен параллель күйде
тартылып тұратындай бекітіңіз.