Samsung SM-G130HN User Manual
Page 373
Қазақ тілі
372
Көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны пайдалануға қатысты
барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады.
Заңмен тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны ешқашан
пайдаланбаңыз. Сіздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін, дұрыс
мағынада түсініңіз және мына кеңестерді есте сақтаңыз:
• Құрылғыңызбен және жылдам теру және қайта теру сияқты
қолайлы мүмкіндіктерімен танысыңыз. Бұл мүмкіндіктер ұялы
құрылғыңызда қоңырауды күттіруге қоюға немесе қабылдауға
қажетті уақытты азайтуға көмектеседі.
• Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Жолдан көз алмай
сымсыз құрылғыны қоса алатыныңызға көз жеткізіңіз. Сізге біреу
қолайсыз уақытта қоңырау шалса, сіздің орныңызға дауысты
пошта жауап бере алады.
• Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы
жағдайларында сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ,
қар, мұз және қиын жол қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
• Телефон нөмірлерін жазбаңыз немесе іздемеңіз. Әдістерін жазып
алу немесе мекенжай кітапшасын қарап шығу негізгі көлікті
қауіпсіз жүргізу міндетінен назарыңызды аударады.
• Қолайлы кезде теріп, жол қозғалысына өтіңіз. Қозғалмай тұрғанда
немесе орныңыздан қозғалмас бұрын қоңырауларды қойыңыз.
Автокөлік тоқтап тұрған кезде қоңырауларды жоспарлап көріңіз.
• Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық
әңгімелерден аулақ болыңыз. Сөйлесіп жатқан адамға көлік
жүргізіп келе жатқаныңызды және жолға назар салуға кедергі
келтіретін сөйлесуді тоқтататыныңызды ескертіңіз.