Не істерсіңіз, егер – Electrolux ERN2301AOW User Manual
Page 59
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулық себебін іздестірмес бұрын
ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулық түрін тек білікті маман не
білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Құрылғы қалыпты режимде жұмыс
жасап тұрғанда біраз шуыл
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық
Мүмкін себептері
Шешімі
Құрылғы жұмыс жасамай
тұр. Құрылғы шамы
қосылмай тұр.
Құрылғы өшірулі.
Құрылғыны қосыңыз.
Аша электр желісіндегі
розеткаға дұрыс
жалғанбаған.
Ашаны электр желісіндегі
розеткаға дұрыс сұғыңыз.
Құрылғыда қуат жоқ.
Розеткада кернеу жоқ.
Розеткаға әртүрлі электр
құрылғыларын қосып көріңіз.
Білікті электр маманын
шақырыңыз.
Шам жанбай тұр.
Шам күту режимінде тұр.
Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамда ақау бар.
"Шамды айырбастау" тарауын
қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс жасайды.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
Жоғарырақ температураны
орнатыңыз.
Есік дұрыс жабылған жоқ.
"Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік жиі-жиі ашылған.
Есікті қажет болмаса ұзақ
ашпаңыз.
Тағам температурасы тым
жоғары.
Тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
төмендетіп барып сақтаңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлме температурасын
азайтыңыз.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Тоңазытқышты өздігінен
еріткен кезде еріген қырау
артқы тақта үстіне қарай
ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Суды ағызатын түтік
бітелген.
Су ағызатын түтікті тазалаңыз.
Тағамдар судың коллекторға
қарай ағуына бөгет жасайды.
Тағамдардың артқы тақтаға
тимеуіне көз жеткізіңіз.
Су жерге ағады.
Еріген суды ағызатын түтік
суы компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген суды ағызатын түтікті
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен.
Температура түймешесі
дұрыс қалыпқа қойылмаған.
Жоғарырақ температураны
орнатыңыз.
ҚАЗАҚ
59