Газды жалғау – Hotpoint Ariston Deco FHR G (AN)-HA User Manual
Page 60
60
KZ
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
және оның қауіпсіздік ережелеріне сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны тоққа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға
сәйкес болып табылады.
• розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (астын қараңыз).
• кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында (төменге қараңыз).
• розетка құрылғының айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен
ғана алмастырылуы тиіс (Көмек бөлімін қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда өндіруші
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Газды жалғау
Құрылғыны газ жеткізу жүйесіне немесе газ
баллонына ағымдағы ұлттық заңнамаларға
сәйкес жалғау қажет. Жалғауды іске асырмас
бұрын, пеш пайдаланғыңыз келетін газ жеткізу
жүйесімен сыйысымды екеніне көз жеткізіңіз.
Сыйысымды болмаса, “Газ түрлеріне сәйкестендіру”
параграфындағы нұсқауларды орындаңыз.
Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы
ұлттық заңнамаларға сәйкес келетін қысым
реттегішін орнатыңыз.
! Газ жеткізу жүйесіндегі қысым 1-кестеде (Оттық пен
форсункалардың сипаттары) көрсетілген мәндерге
сәйкес келетінін тексеріңіз, өйткені бұл қуатты тиімді
түрде жұмсап, құрылғыңыздың қауіпсіз әрі ұзақ
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
! Ендірлген газ пешінің үстіне газ конфоркасын
орнату керек болса, екеуін жалғауға немесе
бір ағыту кранын қолдануға қатаң түрде тыйым
салынады. Екі құрылғы бөлек-бөлек жалғануы
тиіс, және екеуін бір-бірінен толығымен тәуелсіз
қылу үшін әрбірінің жеке ағыту краны болуы тиіс
(суреттерді қараңыз).
Қатты түтік арқылы жалғау (мыс немесе болат)
! Газ жеткізу жүйесіне жалғауды кез келген
құрылғыға еш жүк түспейтін түрде іске асыру керек.
Құрылғының жабдықтары жинағында реттелмелі
L-пішініндегі түтік фитингі бар және оның газдың
шығып кетуінің алдын алатын тығыны бар. Түтік
фитингін әр бұраған кезде тығынды орнына қою
керек (тығын құрылғымен бірге беріледі). Газ
жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы сыртта
орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан
жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Газ жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы
сыртта орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Бұл түтіктер толығымен созылғанда 2000 мм-
ден аспайтындай орнатылуы тиіс. Жалғау
іске асырылғаннан кейін майысқақ металдан
жасалған түтік ешбір қозғалатын бөлшектерге тиіп
тұрмағанына және оны ешнәрсе қысып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
! Тек ағымдағы ұлттық заңнамаларға сәйкес келетін
түтіктер мен тығындарды ғана пайдаланыңыз.
Жалғаудың мықтылығын тексеру
! Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды сумен
түтік фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін
тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы
болмаңыз.
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Пешті ол арналып өндірілген газ түрінен (белгіде
көрсетілген) басқа газ түріне сәйкестендіру үшін
төмендегі оңай қадамдарды орындаңыз:
• Пештің оттығының форсункасын ауыстыру
1. Пештің есігін толық ашыңыз.
2. Пештің төменгі жағын
сырғытып шығарып алыңыз.
ЖОҚ
OK