Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету, Құрылғыны өшіру, Құрылғыны тазалау – Hotpoint Ariston Luce FK 83 X-HA User Manual
Page 69: Пеш есігін тазалау, Шамды ауыстыру, Сырғымалы сөрелер жиынын құрастыру, Көмек

KZ
69
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен
құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-
жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін,
тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға болады.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында оны шығарып
алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (суретті қараңыз).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз
және
F екі ілгекке орналасқан(суретті қараңыз)
кішкентай тұтқаларды бұраңыз.
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны
қараңыз). Есікті орнына қою
үшін осы іс ретін соңғысынан
бастап орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған
болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті
пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.
2. Шамды бұрап
алып, оны ұқсас
басқа шаммен
ауыстырыңыз:
Қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты
орнына қойыңыз
(сызбаны
қараңыз).
Сырғымалы сөрелер жиынын құрастыру
Сырғымалы тартпаларды құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды A
бөлгіштерінен алысырақ
көтеріп, шығарыңыз (сызбаны
қараңыз).
2. Сырғымалы
тартпамен қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы
тартпа шығарылып алынатын
бағытқа назар аудара отырып,
B ілмегін, одан кейін С ілмегін
жақтауға орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (сызбаны
қараңыз). Сол жақ жақтауға
арналған тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін тесіктер
төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды
A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды
5-позицияға қоймаңыз.
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Туындаған проблема түрі.
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
F
A
B
C
Сол жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Оң жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Шығар
у б
ағыты
D