Қосу және пайдалану – Hotpoint Ariston Luce FK 83 X-HA User Manual
Page 63

KZ
63
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
1. СЕЛЕКТОР тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті
температураны таңдаңыз. Тағам дайындау
режимдері және ұсынылған тағам дайындау
температуралары туралы мәліметті қамтитын тізімді
«Тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесінен
табуға болады («Тағам дайындау режимдері»
бөлімін қараңыз).
3. ТЕРМОСТАТ индикатор шамы пештің орнатылған
температураға дейін ысып келе жатқанын көрсетеді.
4. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына
әрекеттерді орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту;
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрап, температураны
реттеу;
- СЕЛЕКТОР тұтқасын «0» позициясына бұрап,
тағам дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астына зат қоймаңыз; бұл эмальді
қабаттың зақымдануын болдырмайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасында, сондай-ақ, пеш есігінің астына
қарай салқын ауа ағынын өткізеді.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
РЕТТЕУ тұтқасының көмегімен
мәні таңдалғанда
пештің шамы жанады. Тағам дайындау режимі
таңдалғанда осы шам жанып тұрады.
Қосу және пайдалану