Қазақ – MAXWELL MW-3021 VT User Manual
Page 20

20
ҚазаҚ
температуралы режимінде ғана қолданыла
алады (яғни, температура реттегіші (11) «
•••»
немесе «МАХ» күйінде болғанда).
Бу беру батырмасын (5) басқанда бу үтік
табанынан шыға бастайды.
Ескерту:
–
Судың бу саңылауларынан ағуын болдыр-
мау үшін қосымша бу беру батырмасын (5)
4-5 секунд аралығымен басыңыз.
Тік ылғалдау
Тік ылғалдау қызметі тек жоғары температуралы
үтіктеу режимінде ғана қолданыла алады
(температура реттегіші (11) «
•••» немесе
«МАХ» күйінде).
Үтікті киімнен 15-30 см қашықтықта тік ұстаңыз
және қосымша бу беру батырмасын (5) 4-5
секунд аралығымен басыңыз, бу үтік табанынан
(14) шыға бастайды.
Су бүріккіш
• Сіз бүріккіштің (3) батырмасына бірнеше
рет басып, матаны ылғалдай аласыз.
• Сауытта (13) жеткілікті су бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Қажетті ақпарат
• Синтетикалық маталарды тік ылғалдау
ұсынылмайды.
• Ылғалдау кезінде матаның еруін болдыр-
мау үшін үтіктің табанын оған тигізбеңіз.
• Ешқашан
адамға
киілген
киімді
ылғалдамаңыз, себебі шығатын будың тем-
пературасы өте жоғары, плечиктерді неме-
се киім ілгішті пайдаланыңыз.
Бу камерасын тазалау
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу
камерасын тазартуды, әсіресе қатты құбыр суы
бар аймақтарда тұрақты орындау ұсынылады.
• Тұрақты бу реттегішін (4) «0» күйіне
орнатыңыз.
• Сауытты (13) «MAX» белігісіне дейін суға
толтырыңыз.
• Үтікті негізіне қойыңыз (9).
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа
қосыңыз.
• Реттегішті (11) бұрап, үтік табаны қызуының
максималды температурасын белгілеңіз
«MAX», сол кезде көрсеткіш (6) жанады.
• Үтік табанының (14) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (6) сөнеді, бу камерасын тазала-
уды жүргізуге болады.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз.
• Үтікті қол жуғыштың үстіне көлденең
орнатыңыз және өздігімен тазалану
режимінің батырмасын (12) басыңыз.
• Қайнаған су мен бу қақпен бірге үтіктің
табаны (14) саңылауларынан шыға бастай-
ды.
• Үтікті алға-артқа сауыттағы (13) бүкіл су
шығып болғанға дейін сәл ғана шайқаңыз.
• Үтікті негізіне қойыңыз жән оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
• Үтіктің табаны (14) толық салқындағанан
кезде, оны құрғақ матамен сүртіңіз.
• Үтікті сақтауға қойғанға дейін, сауытта (13)
су жоқ екеніне, ал үтік табаны (14) құрғақ
екеніне көз жеткізіңіз.
Күтімі мен тазарту
• Үтікті тазартқанға дейін оның желіден
ажыратылғанына және салқындағанына
көз жеткізіңіз.
• Үтіктің корпусын сәл ғана ылғалды матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Үтік табанындағы шөгінділер сірке-сулы
ерітіндіде ылғалдандырылған матамен
жойылуы мүмкін.
• Шөгінділер жойылғаннан кейін табанның
бетін құрғақ матамен жылтыратыңыз.
• Табанын
және
корпусын
тазалау
үшін қажайтын тазалағыш заттарды
пайдаланбаңыз.
• Үтік табанының өткір металл заттармен
түйісуіне жол бермеңіз.
Сақтау
• Температура реттегішін сағат тіліне қарсы
(11) «MIN» күйіне дейін, ал тұрақты бу
реттегішін (4) «0» күйіне бұрыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз.
• Құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және қалған суды суға
арналған сауыттан (13) төгіңіз. Қақпақты
жабыңыз (2).
• Үтікті тік қойыңыз және оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
MW-3021.indd 20
11.09.2012 14:13:30