beautypg.com

Ата-аналар бөлігі, Батареямен жұмыс жасау, Тоқ сымынан жұмыс жасау – Philips SCD497 User Manual

Page 62: Құралды қолдану

background image

Батарея орнының қақпағын орнына қойып, алақаныңызбен оңға бұрап, жабыңыз (ЖАБУ

ª). (Cурет 5)

Есте сақтаңыз:Батареялары таусыла бастағанда, нәресте бөлігіндегі батарея тексеру

жарығы ( T) қызыл болып жанады.

ата-аналар бөлігі
Батареямен жұмыс жасау

Ата-аналар бөлігі қосымша қамтамасыз етілген қайта зарядталатын екі 1.2-вольтті AAA NiMh

батареяларынан жұмыс жасайды.
Батареяларды салып жатқанда, қолдарыңыз бен құрал құрғақ болуы тиіс.

1

Батареялар қақпағын төмен қарай сырғытып ашыңыз (Cурет 6).

Екі қайта зарядталатын батаеряларды салыңыз (Cурет 7).

Батарелардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

Батареялар қақпағын ата аналар бөлігінің артқы жағына қайтадан өз орнына түсіп

бекітілгенше сырғытыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 8).

Кішкене шанышқыны ата-аналар бөлігіне қосып, адапторды қабырғадағы розеткаға

қосыңыз (Cурет 9).

5

Ата-аналар бөлігін толығымен батареялары зарядталғанша тоқта қалдырыңыз.

алғаш рет зарядтап жатқанда немесе көптен бері қолданбай келіп, қайта

зарядтаған уақытта, ата-аналар бөлігін сөндіріп қойып, тоқтатпастан кем

дегенде 10 сағат бойы зарядтаңыз.

Әдетте зарядтау 8 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда

қосулы болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше

қысқа еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.

Батареяларды тексеру жарығы батареялары толығымен зарядталғанда сөнеді.

Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін тоқ сымысыз кем дегенде 24

сағат бойы қолдануға болады.

Есте сақтаңыз: 24 сағаттық қызмет уақыты нәресте бөлігі уақыттың тек 25%-те ғана

дыбыстарды жеткізіп, ал басқа уақытта ол күту режимінде тұрады деген болжауға

негізделген (нәресте ешқандай дыбыс шығармағанда).
Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,

олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне

тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Батареялары таусыла бастағанда, батареяларды тексеру жарығы

қызыл болып жымыңдайды. Құралдың кішкене шанышқысын ата-аналар бөлігіне кіргізіп,

адапторды қабырғадағы розеткаға енгізіп, батареяларды қайта зарядтаңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ата-аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата-аналар бөлігі

сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жәймен отыра бастайды.

Тоқ сымынан жұмыс жасау

1

Кішкене шанышқыны ата-аналар бөлігіне қосып, адапторды қабырғадағы розеткаға

қосыңыз (Cурет 9).

Құралды қолдану

1

Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге

қойыңыз (Cурет 10).

,

,

,

,

,

ҚазаҚша

6