beautypg.com

Қауіпті, Ескерту, Қазақша – Philips SCD470 User Manual

Page 42: Кіріспе, Жалпы сипаттама (cурет 1), Маңызды

background image

42

кіріспе

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз!

Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен қолдану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome

сайтында тіркеңіз.

Philips AVENT компаниясы ата-аналарға қажетті сенімділік беретін ұқыпты әрі сенімді өнімдер

жасауға барынша тырысады. Бұл Philips AVENT нәресте мониторы нәрестеңізбен тұрақты

байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. 2 арнаны таңдау кедергіні азайтып, үйіңіздің ішінде

және айналасында сигналдарды сенімді қабылдауды қамтамасыз етеді.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

a Нәресте бөлігі

1 Сөйлету түймесі

2 Тоққа қосылулы деген жарық

3 Хабарлау көрсеткіші

4 Кішкене шанышқыға арналған розетка

5 Микрофон

6 Батарея орнының қақпағы

7 Арна таңдау түймесі

8 Қосу/өшіру түймесі

9 Адаптер

B Ата-аналар бөлігі

1 Адаптер

2 Тоққа қосылулы деген жарық

3 Кішкене шанышқыға арналған розетка

4 Дауысын бақылауға болатын қосу/өшіру түймесі

5 Дауыс зорайтқыш

6 Батарея орнының қақпағы

7 Белдік қыстырғышы

8 Арна таңдау түймесі

9 Батарея орны қақпағының ысырмасы

Маңызды

Құрылғыны қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдану

үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті

- Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға

болмайды.
Ескерту

- Құрылғыны қосар алдында нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігіндегі адаптерлерде

көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.

- Нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігін ток көзіне қосу үшін жинақта берілген адаптерлерді

ғана қолданыңыз.

- Адаптерлерде трансформатор болады. Қауіпті жағдай туғызатындықтан, адаптерлерді

кесіп алып тастап, басқа ашалармен алмастырмаңыз.

- Егер адаптерлер бүлінген болса, қауіпті жағдайдың тууына жол бермеу үшін оларды

түпнұсқа түрімен алмастырыңыз. Дұрыс түрін табу үшін «Алмастыру» тармағын қараңыз.

- Нәресте мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.

- Электр тогының соғуына жол бермеу үшін батареялар бөлімінен басқа, нәресте бөлігі мен

ата-аналар бөлігінің корпусын ашпаңыз.

ҚазаҚша