Philips SCH540 User Manual
Page 53
Сұрақ
Жауап
Емізік термометрі
иілгіш ұшты сандық
термометрімен
салыстырғанда басқа
температура
өлшемін көрсетеді
ме?
Ауыздағы температура дене
температурасынан сәл төмен болғандықтан,
емізік термометрі иілгіш ұшты сандық
термометрге қарағанда 0,5 -1°C төменірек
температура өлшемін көрсетеді.
Термометрлер
дисплейіндегі
батарея белгішесі
нені білдіреді?
Егер дисплейде батарея белгішесі
көрсетілсе, онда ол батарея зарядының
таусылғанын және оны ауыстыру керек
екенін көрсетеді. Тек иілгіш ұшты сандық
термометрдің батареясын ауыстыруға
болады. Емізік термометрінің батареясын
ауыстыруға болмайды, сондықтан оның
батареясы таусылған кезде тастау керек.
Термометрлер
батареясын өзім
ауыстырсам болады
ма?
Иілгіш ұшты сандық термометрдің
батареясын өзіңіз ауыстырсаңыз
болады. Батареяны ауыстыру туралы
нұсқауларды «Батареяны ауыстыру»
бөлімінен қараңыз. Емізік термометрінің
батареясын ауыстыруға болмайды. Оның
батареясы таусылған кезде бұл
термометрді тастау керек.
Дисплейдегі «Err»
(«Қате») жазуы нені
білдіреді?
«Err» («Қате») жазуы иілгіш ұшты сандық
термометрдің және емізік термометрінің
екеуінде де шығуы мүмкін. Бұл жазу
термометр жұмысында ақаулық пайда
болғанын білдіреді. Термометрді сөндіру
үшін қосу/өшіру түймешігін басып, оны қосу
үшін қайтадан қосу/өшіру түймешігін
басыңыз. Температураны әдеттегідей
өлшей беріңіз.
ҚазаҚша
53