Құбылмалы ұшы бар термометрді тазалау, Әдеттегі емізікті тазалау, Сақтап қоятын қорапты тазалау – Philips SCH540 User Manual
Page 49
2
Өлшеуіш бөлігін қалқанға көрсеткішінің ұшы емізік ішіндегі
қалтаға кіретіндей етіп кіргізіңіз. (Cурет 3)
3
Өлшеу бөлігін сағат бағытында 90°қа бұрап, орнына бекітіңіз.
Құбылмалы ұшы бар термометрді тазалау
Термометрді зарарсыздандырмаңыз немесе қайнатпаңыз.
Құбылмалы ұшы бар термометрді ыдыс жуғышта, микротолқынды
пеште, немесе микротолқынды зарарсыздандырушыда тазалауға
болмайды.
1
Құбылмалы ұшы бар термометрді жұмсақ дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Әдеттегі емізікті тазалау
Алғаш қолданар алдында, емізікті жақсылап тазалап, шәйіп жіберіңіз.
Емізікті әр қолданар алдында тазалаңыз.
1
Емізікті зарарсыздандырыңыз немесе қайнатыңыз.
Емізік және қорғаныс қақпағына кез келген зарарсыздандыру
әдістерін пайдалануға болады.
Philips AVENT бу стерильдегішін қолданып немесе 5 минут суда
қайнату арқылы стерильдеңіз.
Егер сіз зарарсыздандыру сұйықтығын қолдансаңыз, орамасындағы
нұсқауды орындаңыз. Емізікті зарарсыздандыру сұйықтығында талап
етілген уақыттан ұзақ ұстамаңыз, себебі ол емізік ұшын тоздыруы
мүмкін.
Зарарсыздандырылған бөліктерді ұстар алдында қолыңызды жақсылап
жуыңыз және оларды қоятын бет таза екендігін қамтамасыз етіңіз.
2
Зарарсыздандырғаннан соң, емізікті 5 минуттай суытыңыз және
оның ішінде қалып қоюы мүмкін суды сығып шығарып
жіберіңіз. Бұл тазалаық мақсатпен жасалатын шара.
сақтап қоятын қорапты тазалау
Сақтап қоятын қорапты зарарсыздандырмаңыз.
ҚазаҚша
49