beautypg.com

Құралды қолдану – Philips SCD600 User Manual

Page 72

background image

Ескертпе: Егер батарея толығымен отырса, ата-аналар бөлігі автоматты түрде сөніп,

нәресте бөлігімен байланысын жоғалтады.

1

Батарея салатын орынның қақпағын төмен қарай сырғытып ашыңыз (Cурет 6).

2

Қайта зарядталатын батареяны салыңыз (Cурет 7).

Ескертпе: - және + жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз.

3

Қақпағын жабыңыз (Cурет 8).

4

Құрал шанышқысын ата-аналар бөлігіне кіргізіп, адаптерді розеткаға қосыңыз (Cурет 9).

, Ата-аналар бөлігіндегі батарея шамы көк болып жанады да, бейне экранында батарея

таңбасы көрінеді (Cурет 10).

, Батарея толығымен зарядталғанда, батарея жарығы жасыл болып жанады.

- Ата-аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағаннан кейін

қайта зарядтағанда, оны сөндіріп, кемінде 4 сағат бойы тоқтаусыз зарядтаңыз.

- Әдетте зарядтауға 3,5 сағат кетеді, бірақ ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы

болса, онда ұзағырақ уақыт кетеді. Зарядталу уақытын қысқарту үшін, зарядтау кезінде

ата-аналар бөлігін сөндіріп қойыңыз.

- Автоматты экран қосу режимінде батареялары толық зарадталған ата-аналар бөлігін

сымсыз күйде кемінде 8 сағат жұмыс істей алады. Бейне тоқтаусыз қосулы болғанда,

ата-анаға арналған бөлік сымсыз күйде шамамен 6 сағаттай жұмыс істейді.

Ескертпе: Ата-аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда, қызмет көрстеу уақыты 6 сағаттан

кем болады. Қайта зарядталатын батарея өзінің толық мүмкіндігіне төрт рет босап, қайта

зарядталғанда ғана жетеді.
Ескертпе: Ата-аналар бөлігі сөндірулі болған кезде де батарея біртіндеп отыра береді.

Құралды қолдану

1

Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге

қойыңыз (Cурет 11).

Нәрестеге арналған бөлік ата-аналар бөлігінен кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы

тиіс.

2

Нәрестеге арналған бөліктің ON/OFF (Қосу/Сөндіру) тетігін ON (Қосу)

кйіне қойыңыз. (Cурет 12)

, Қуатқа қосылды деген қызыл жарық жанады. (Cурет 13)
Ескертпе: Қуат қосулы дегенді білдіретін жарық әрдайым жасыл болып жанады, тіпті ата

аналар бөлігімен байланыс орнталымаған болса да.

3

Ата-аналар бөлігін қосу үшін, «ON» (Қосу) күйіндегі дыбыс деңгейін реттеу тетігін

қалаған деңгейге қойыңыз. (Cурет 14)

, «Power-on/battery» (Қосулы) батарея жарығы жанады. Ата-аналар бөлігін зарадтау

кезінде «Power-on/battery» (Қосулы) батарея жарығы көк болып жанады. Ата-анаға

арналған бөлігі толық зарядталғанда «Power-on/battery» (Қосулы) батарея жарығы жасыл

болып жанады.

Ескертпе: Нәрестеге арналған бөлікпен байланыс болмаған кезде де «Power-on/battery» (Қосулы)

батарея жарығы үздіксіз жанып тұрады.

, Бейне экраны қосылып, экранда батарея таңбасы көрінеді (Cурет 15).

, Ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында байланыс ізделген кезде, LINK

(БАЙЛАНЫС) жарығы қызыл болып жыпылықтайды. (Cурет 16)

, Ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында байланыс орнатылған бойда ата-аналар

бөлігінде LINK (байланыс) жарығы жасылға айналып, тоқтаусыз жанып

тұрады. (Cурет 17)

ҚазаҚша

72