Қазақша kz – Philips SCH530/10 User Manual
Page 84
84
Термометрді төрт рет телеметрлік сигналын бергенше ұстау керек.
Термометрді шығарып, дисплейді қараңыз.
Қосу/өшіру түймесін басып, термометрді сөндіріңіз. (Бұл батарея
қуатын ұзағырақ жұмыс жасауға себін тигізеді. Термометр шамамен
10 минут өткеннен соң автоматты түрде сөнеді).
Ең соңғы өлшенген температураны тексеру
Егер сіз температураны салыстырғыңыз келсе, онда сіз ең соңғы
температура қандай болғандығын тексере аласыз. Бұны тек келесі өлшеу
алдында бір рет қана жасауға болады. Қосу/өшіру түймесін 3 секундтай
басып тұрыңыз. Дисплей соңғы температура өлшемін көрсетеді, және ‘M’
деген белгі есте сақтағандығын көрсетеді. сіз түймені босатқанда, бұл
температура көрсеткіші өшіріледі.
Үлкенірек балалар температурасын өлшеу
Үлкенірек балалар мен ересектер температурасын өлшеу үшін де ұшы
құбылмалы цифірлі термометрді ауыз арқылы немесе қолтық астында
(дәлдігі ең төмен әдіс) қолдануға болады. Егер термометр тік ішекке
гигиеналық пластик жабылғысыз қолданған болса, онда оны ауыз арқылы
өлшеу үшін қолданбаңыз.
Тазалау
Термометрді әр қолданған сайын тазалап тұрыңыз. Термометрді
стерилизациялауға немесе қайнатуға болмайды. Үйде қолданған кезде
термометрді дымқыл шүберекпен сүртып алыңыз немесе сумен жуып
жіберіңіз. Термометр суға қарсы тұра алады. Ыдыс жуғышта жумаңыз.
Емізік термометірді тазалау
Емізіктерді, қалқанды және жапқышты стерилизациялауға* немесе
қайнатуға болады. Емізік термометір өлшеуіш бөлігін стерилизациялауға
немесе қайнатуға болмайды. Тазалар алдында, өлшеуіш бөлігін емізіктен
және қалқаннан былай етіп шығарып алыңыз (В суретін қараңыз):
Өлшеуіш бөлігін қалқаннан 90° қа сағат бағытына қарсы бұраңыз.
Өлшеуіш бөлігін емізіктен және қалқаннан тікелей тартып, суырып
алыңыз. (Өлшеуіш көрсеткішінің ұшын майыстырмаңыз.)
Өлшеуіш бөлігін тазалау үшін, оны дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Емізікті мынандай етіп қайта жинаңыз (с суретін қараңыз):
-
-
-
·
·
·
ҚАЗАҚША
KZ