Қауіпті, Абайлаңыз, Ескерту – Philips GC4710 User Manual
Page 42: Қазақша, Кіріспе, Жалпы сипаттама (cурет 1), Маңызды
![background image](/manuals/9593/42/background.png)
42
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін, өнімді «www.philips.com/welcome»
веб-бетінде тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a Су шашатын түтік
B Су құятын ыдыстың қақпағы
C Буды күшейту
D Су шашу түймесі
E Бу деңгейін реттегіш
F Ionic DeepSteam триггері (тек GC4740/30 үлгілерінде)
G Кәріптас түсті температура жарығы
h «Автоматты өшу» шамы (тек GC4740/30/21/20 үлгілерінде) Ionic DeepSteam шамы (тек
GC4740/30 үлгілерінде)
I Температураны реттеу дөңгелегі
J Су ыдысы (тек GC4740/30 үлгілерінде: шамы және автоматты өшу көрсеткіші бар)
k Тоқ сымы
l Серия тақтайшасы
M Үтіктің табаны
- Көрсетілмеген: Су толтыратын ыдыс
- Көрсетілмеген: ыстыққа төзімді қорғау қаптама (тек GC4740 үлгісінде)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
Қауіпті
- Үтікті ешқашан суға батыруға болмайды.
абайлаңыз!
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін
вольтажға сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Ашасы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, сондай-ақ, құралды түсіріп алсаңыз
немесе құралдан су ағып тұрса, оны қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет
орталығында, Philips ұсынған қызмет орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар
алмастыру керек.
- Құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды пайдалану нұсқауларынсыз,
мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың
(соның ішінде балалар) бұл құралды қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Тоқ сымын үтігіңіздің ыстық астыңғы табанына тигізбеңіз.
ҚазаҚша