Philips FC9152 User Manual
Page 38

Ескертпе. Осындай жолмен қосалқы құралды шланг сабына тікелей орнатуға да болады.
2
Саптаманы немесе қосалқы құралды түтіктен шығару үшін, серіппелі бекіту түймесін
басып, саптаманы немесе қосалқы құралды түтіктен суырып алыңыз.
Үш әрекетті саптамасы
TriActive саптамасы — кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатта қолдануға болатын
саптама.
- Бүйіріндегі щетка саптаманың екі жағындағы қосымша шаң мен кірді жинай отырып,
жиһаздар мен басқа заттардың арасын жақсырақ тазалауға мүмкіндік береді (Cурет 9).
- Саптаманың алдындағы ашық саңлау үлкен қоқыстарды жинауға мүмкіндік
береді (Cурет 10).
1
Қатты едендерді тазалау үшін, саптаманың үстіндегі педальді аяғыңызбен
басыңыз (Cурет 11).
, Қатты едендерді тазалауға арналған щетка қатары шығады. Дөңгелектер көтеріліп, еденді
сырудан қорғайды әрі жан-жаққа қозғалу мүмкіндігін арттырады.
2
Кілемдерді тазалау үшін, педальді қайтадан басыңыз (Cурет 12).
, Щетка қатары орнына кіріп, дөңгелектер автоматты түрде түседі.
Қосалқы құралдар
1
Саңылауларды тазалау саптамасын (1), кішкене саптаманы (2) немесе кішкене щетканы
(3) түтікке немесе тікелей шлангтың сабына жалғауға болады (Cурет 13).
- Саңылауларды тазалау құралын бұрыштар мен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін
қолданыңыз.
- Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкене жерді тазалау үшін қолданыңыз.
- Кішкене щеткалы саптаманы компьютерлер мен кітап сөрелерін тазалау үшін қолданыңыз.
Қосалқы құрал ұстағышы
1
Қосалқы құрал ұстағышын сапқа тағыңыз (Cурет 14).
2
Екі қосалқы құралды қосалқы құрал ұстағышына тағыңыз:
- саңылауларға арналған саптама мен кішкене саптама (Cурет 15).
Ескертпе. Кіші саптаманы сақтау орнына суретте көрсетілгендей етіп салу керек.
- Саңылауларға арналған саптама және кішкене щетка (Cурет 16).
Құралды пайдалану
1
Қуат сымын құрылғыдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткаға
кіргізіңіз.
2
Құрылғының жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басып, құралды
қосыңыз (Cурет 17).
Сорғызу қуатын реттеу
Шаң сорып жатқанда сору қуатын реттеуге болады.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді тазалау үшін, ең жоғары сору қуатын таңдаңыз.
- Перделерді, дастархандарды, т.б. тазалау үшін, ең төмен сорғызу қуатын таңдаңыз.
Сорғызу қуатының дөңгелегі
- Құрылғының жоғарғы жағында орналасқан сору қуатының түймесі арқылы сору қуатын
реттеуге болады (Cурет 18).
ҚазаҚша
38