Сипаттамасы, A) су құятын ыдысын толтыру, B) үтіктеуді бастаңыз – Braun CareStyle 7 Pro User Manual
Page 97
Сипаттамасы
Бу шығаратын үтік
1 Дисплей
2 Қосу/Өшіру түймесі
3 Режимдер (эко, қалыпты, турбо)
4 Әк тазалау жүйесі
5 Үтік қойғыш
6 Cу құятын ыдысы
7 Қуат сымы
8 Мөлдір қақпақ
9 Тазалау клапаны
10 Бекіту жүйесі
Үтік
11 Бу түймесі
12 Teмператураны бақылау шамы
13 Көздеп үтіктеу түймесін
14 Қос сым
15 Тіреуіш
(A) Су құятын ыдысын толтыру
• Құрылғыны өшіріп, жүйені қуат көзінен
ажыратыңыз.
• Су құятын ыдыстағы суды төгіңіз (6).
• Су құятын ыдысқа краннан су құйыңыз, „max“
деңгейінен асырмаңыз, бірақ „min“ белгісінен
төмен болмауын қадағалаңыз, әйтпесе құрылғы
үтіктеуге әзір болмайды. Егер су қатқыл болса,
50 % құбыр суы мен 50 % сүзілген таза суды
араластырып пайдалануға кеңес береміз.
• Сүзілген таза судың өзін ғана пайдалануға
болмайды. Ешқандай қоспалар қосуға
болмайды (мысалы, крахмал). Кір кептіретін
машинада жиналған суды қолданбаңыз.
• Су құятын ыдысты орнына салыңыз.
• Құрылғыны жазық, тұрақты жерге қойыңыз.
Есіңізде болсын:
Егер сүзу құралдарын қолдансаңыз, алынған
судың ph көрсеткіші бейтарап екеніне көз
жеткізіңіз.
Су үнемдеу функциясы
• Су деңгейі төмендегенде, белгісі жарқылдай
бастайды. Бұл кезеңде бумен үтіктеуді 10-15
минуттай жалғастыруға болады.
• белгішесі тұрақты түрде жанғанда, су құю
қажет болады. Сонымен қатар, темпертураны
бақылау шамы (12) жыпылықтай бастайды
және таңдалған режиммен байланысты
белгіше өшіп қалады.
• Бумен үтіктеуді жалғастыру үшін, су құятын
ыдысқа (A) қайта су толтырыңыз.
(B) Үтіктеуді бастаңыз
• Үтікті үтік қойғышқа (5) немесе тіреуішіне (15)
қойып, құрылғыны қуат көзіне жалғап,
құрылғының Қосу/Өшіру түймесін (2) басыңыз.
• Үтіктелетін заттардың материалына арналған
режимді (3) таңдаңыз.
• Үтік қыза бастайды және температураны
бақылау түймесі (12) жыпылықтайды.
• Дисплейдегі (1) таңдалған режим белгішесі
жыпылықтай бастайды. Бу әзір болғанда,
белгіше тұрақты түрде жанады.
• Қажетті температураға жеткенде,
температураны бақылау шамы (12) тұрақты
түрде жанады.
• Режимдер: Қажетті режимді сәйкес белгішені
басып таңдауға болады (эко, қалыпты немесе
турбо). Бір режимнен екінші режимге ауысу
үшін, арнаулы түймені басыңыз (3).
CareStyle 7
эко
Синтетика, жібек және аралас материалдар
сияқты нәзік заттарды үтіктеуге қолайлы. Бұл
режимде қуат үнемдеу мүмкіндігі бар.
қалыпты
Жүннен, полистер және мақта/зығырдан
жасалған киімдерді үтіктеуге қолайлы.
Есіңізде болсын: Үтік бірінші рет қосылғанда,
қалыпты режим
aвтоматты түрде
таңдалады, 2-ші рет қосылғанда соңғы рет
таңдалған режиммен қосылады.
CareStyle 7 Pro
эко
Синтетика, жібек және аралас материалдар
сияқты нәзік заттарды үтіктеуге қолайлы. Бұл
режимде қуат үнемдеу мүмкіндігі бар.
қалыпты
Жүн, полистер және мақтадан жасалған заттарды
үтіктеуге қолайлы.
турбо
+
Мақта/зығыр және джинси сияқты күшті буды
қажет ететін материалдардан жасалған заттарды
үтіктеуге қолайлы.
Есіңізде болсын: Турбо режимінде температура
жоғары болғандықтан, үтікті заттың үстіне қойып,
бақылаусыз тастауға болмайды.
Есіңізде болсын: Үтік қосылғанда, соңғы
таңдалған режимге қарамастан, бу әрқашан
қалыпты режимде болады.
96
DLB245628_5712811801_Use_Instruction_IS_7043_7044_7055_7056_INT.indb 96
31.03.16 11:24