Қазақша – Vitek VT-8517 ST User Manual
Page 15
15
ҚазаҚша
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
•
Құрылғыны зақымдап алмас үшін тек зауыттық
қаптамасына салып тасымалдаңыз.
•
Арасында желілік сымның және желілік сым
ашасының бүлінген жерлерінің болуын тексеріп
отырыңыз.
•
Құрылғының желілік ашасы немесе желілік
сымы бүлінген болса, құрылғы дұрыс жұмыс
істемей тұрса, сондай-ақ құлағаннан кейін
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге тыйым
салынады. Құралда кез келген ақау пайда
болса, оны өз бетіңізше жөндемеңіз,
сондай-ақ құрылғы құлаған кезде оны электр
розеткасынан ажыратып, кез келген рұқсаты
бар (уәкілетті) сервис орталығына кепілдік
талонында немесе www.vitek.ru сайтында
көрсетілген байланыс мекенжайлары бойынша
хабарласу керек.
•
Құрылғыны балалардың қолдары жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
ТЕК
ТҰРМЫСТЫҚ
МАҚСАТТА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны
төменгі
температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін,
оны бөлмелік температурада кемінде үш
сағат бойы ұстау керек.
•
Құрылғыны қораптан толығымен шығарып
алыңыз, құрылғының жұмысына кедергі
келтіретін барлық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
•
Құрылғының бүтіндігін тексеру қажет, бүлінген
жерлері болса, құрылғыны пайдалануға
болмайды.
•
Қосу алдында электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріп алыңыз.
•
Бірінші рет пайдаланар алдында барлық алмалы
бөлшектерді жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуып, әбден кептіріңіз.
•
Мотор бөлімін жұмсақ, сәл ылғал матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Мотор бөлімін кез келген сұйықтыққа салуға
және оны сумен жууға тыйым салынған.
•
Блендерді
тегіс,
орнықты
бетке
орналастырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Блендердің үздіксіз
жұмысы 2 минуттан аспауы керек, осыдан
кейін құрылғыны өшіріп, кемінде 2 минуттай
суытып қойыңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде блендер
тостағын немесе тостақ қақпағын шешіп алуға
тыйым салынады.
БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
•
Мотор бөлімін (3) мотор бөліміне (6) орнатып,
оны оң бағытта түбіне дейін бұраңыз.
•
Блендер тостағының қақпағын (2) шешіп
алыңыз.
•
Қажетті ингредиенттерді тостаққа (3) салыңыз.
Ескертпе:
–
Ұсақтау/араластыру процесін бастамас
бұрын, жемістердің қабықтарын аршып,
сүйек сияқты желінбейтін бөліктерін алып
тастап, жемістерді көлемі шамамен 2х2 см
болатындай етіп текшелеп турап алған жөн.
–
Блендер жұмыртқаны көпсіту, картоп езбесін
әзірлеуге, қамыр илеуге, жеміс-жидектерден
шырын сығуға арналмаған.
–
Өңделетін өнімдердің көлемі өңдеу ыдысының
2/3 мөлшерінен аспауы керек және блендер
тостағының минималды «500 мл» белгісінен
төмен болмауы керек.
•
Блендер тостағын (3) қақпақпен (2) жабыңыз.
•
Блендер тостағы (3) дұрыс орнатылып,
бекітілгенін тағы бір рет тексеріңіз.
•
Өлшеуіш стақанды (1) қақпақ саңылауына (2)
өлшеуіш стақандағы (1) және қақпақтағы (2)
тиісті белгілерді дәлдеп орнатыңыз да өлшеуіш
стақанды оң бағытта түбіне дейін бұраңыз.
•
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
Ескертпе: Блендер тостағы (3) дұрыс
орнатылмаған болса, блендер қосылмайды.
•
Жұмыс күйлерінің ажыратып қосқышын (7)
пышақтардың қажетті айналу жылдамдығына
орнатыңыз:
–
«I» (төменгі жылдамдық) – сұйық өнімдерді
араластыру үшін;
–
«IІ» (жоғарғы жылдамдық) – сұйық және
қатты өнімдерді араластыру үшін.
•
Жұмыстың қарқынды режимін қосу үшін
ауыстырып қосқышты (7) «P» күйіне ауыстырып,
бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.
•
Блендер жұмысы кезінде немесе үзілістерде
тостаққа (3) қажетті ингредиенттерді қосуға
болады. Ол үшін өлшеуіш стақанды (1) тиісті
белгілерін келтіріп теріс бағытта бұрап, өлшеуіш
стақанды (1) шешіп алу керек. Ингредиенттерді
қақпақтағы (2) саңылау арқылы салған соң
өлшеуіш стақанды (1) орнына орнатыңыз.
•
Құрылғының жұмысы аяқталғаннан кейін жұмыс
режимдерінің ауыстырып қосқышын (7) «0»
күйіне орнатып, желілік сым ашасын электр
розеткасынан суырыңыз.
VT-8517.indd 15
17.02.2016 17:19:56