beautypg.com

Scarlett SC-4142 User Manual

Page 16

background image

• Kövesse a TISZTÍTÁS ÉS KARBANTARTÁS rész lépéseit.

• Száraz, hűvös helyen tárolja.

KZ

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

• Алғаш рет іске қосар алдында бұйымның заттаңбада көрсетілген техникалық сипаттамалары электр желісінің

параметрлеріне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.

• Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес тек тұрмыстық мақсатта ғана пайдалану керек. Аспап

өнеркəсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.

• Үй-жайлардан тыс жерде пайдалануға болмайды.

• Егер құрылғыны пайдаланбайтын болсаңыз, оны тазалар алдында электр желісінен əрқашан ажыратып

қойыңыз.

• Электр тогы соғуынан жəне от шығуынан аулақ болу үшін аспапты суға немесе басқа сұйық заттарға

матырмаңыз.

• Балалардың аспаппен ойнауына жол бермеңіз.

• Токқа қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.

• Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.

• Қуат көзіне қосу сымына зақым келген аспапты пайдаланбаңыз.

• Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге əрекет жасамаңыз. Ақаулықтар пайда болған жағдайда Сервис

орталығына хабарласыңыз.

• Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.

• Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз жəне ешқандай затқа оны орамаңыз.

• Азық-түлік пен сұйық тағамды тек қозғалтқыш толық тоқтағаннан кейін ғана алыңыз.

• Процессорға азық-түлікті шамадан артық салмаңыз.

• Процессор жылдам əрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл орайда үздіксіз жұмыс істеу уақыты 3

минуттан аспауға тиіс.

• Процессорды ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70 ºC).
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ

• Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы-салмалы бөлшектерінің барлығын жуғыш зат қосылған жылы сумен

жуыңыз да, əбден құрғатыңыз. Қаптамасының сыртын сəл дымқыл əрі жұмсақ матамен сүртіңіз.

Қаптамасын кез келген сұйық затқа матыруға жəне оны сумен жууға тыйым салынады.

• Процессорды біртегіс, орнықты жерге орнатыңыз.

ЕСКЕРІМ: Процессор дұрыс немесе толық жинақталмаса, іске қосылмайтын болады.

ЖҰМЫС
ЕСКЕРІМ
: Процессордың үздіксіз жұмыс істеу уақыты 3 минуттан аспауға, ал іске қосу
аралықтарындағы үзіліс 1 минуттан кем болмауға тиіс.

• Процессорға азық-түлікті шамадан артық салмаңыз.

• Процессор жұмыс істеп тұрған кезде кез келген керек-жарақты одан шешіп алуға тыйым салынады.

• Құмыраны блендердің жетегіне орнатыңыз да, өз орнына мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.

• Құралас бөліктерді құмыраға салыңыз да, оның қақпағын жабыңыз.

• Өлшегіш стаканды қақпақтағы саңылауға кірістіріңіз де, құмыраны қақпақпен жабыңыз. Барлық бөлшектердің

орнына мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.

• Процессорды электр желісіне жалғаңыз да, қажетті жұмыс режимінің батырмасын басыңыз:

– ”1”

(төмен жылдамдық) – сұйық өнімдер үшін.

– ”2”

(жоғары жылдамдық) – сұйық жəне қатты өнімдерді бірге өңдеу үшін.

– Ас үй процессоры токтан ажыратылғанша үздіксіз жұмыс істей бастайды.

– “PULSE”

импультік режим.

ЕСКЕРТУ:

– Блендері бос тұрған процессорды іске қоспаңыз.

– Блендерге ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70 ºC).

– Азық-түлікті біртіндеп, шағын бөліктермен қосыңыз.

– Блендерді ең үлкен белгіленген жерден жоғары толтырмаңыз.

Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын аспапты электр

желісінен ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте тұрыңыз.

ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІП ҰСТАУ

• Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.

• Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да,

құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз.

• Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.

• Қатқыл жөке, қырғыш жəне күшті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.

БЛЕНДЕРДІ ТАЗАЛАУ

• Бос құмыраны процессорға орнатыңыз да, оның қақпағын жабыңыз.

• Құмыраға аздап сабынды жылы су құйыңыз да, бірнеше секунд импульстік режимді қосыңыз.

• Құмыраны алыңыз да, ағын сумен жуыңыз, содан соң құрғатыңыз.

ПРОЦЕССОРДЫҢ ҚАПТАМАСЫН КЕЗ КЕЛГЕН СҰЙЫҚТЫҚҚА МАТЫРУҒА, СОНДАЙ-АҚ СУМЕН ЖУУҒА

НЕМЕСЕ ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАДА ЖУУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

www.scarlett-europe.com

SC-4142

16